Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алыс кетсем, сағынатын Торғайым - АРҚА АЖАРЫ

Алыс кетсем, сағынатын Торғайым

Әркімнің қойы маңырап, сиыры мөңіреп, бала-шағасы аттай шауып, ойнап жүретін өз ауылына жетер жер бар ма екен?!. Алыс кетсем, сағынып оралатын сондай ауылдардың бірі мен үшін өзім туып-өскен  Торғай ауылы.

Бұл Торғай  іргелі ауылдардың бірегейі. Тарихына үңілсең, сонау 30-шы жылдары елімізде өнеркәсіп орындары салына бастағанда жер қойнауынан бағалы кен табылып, «Торғай сурьма құрылыс» руднигі ашылады. Оның алғашқы кеншілері болған А.Бағаев, Қ.Бегалинов,  К.Біләловтар еңбек озаттары атанды. Ел басына күн туғанда, сурьма кенінің әр тасы жауға сұрапылдай тиген  танкілердің бронына қапталды. Осылайша Ұлы Жеңіске зор үлесін қосқан кеніш жұмысшылары кейін бейбіт еңбекке қайта оралды. Сөйтіп, елдің қорғаныс қуатын одан әрі арттырды.
«Нан болса, ән болады» демекші, тың игеру эпопеясы басталды. Кешегі кеншілер енді тракторға отырып,  жер жыртты. Ел қамбасын астыққа толтырды. Кеңшар директорлары Қ.Жаңабеков, Н.Мұқантаев бастаған ауылдастарым еңбек көрігін одан әрі қыздырды. Ақтылы қой өсіріп, өрісті мыңғырған малға толтырып, шұрқыратып жылқы айдады.
Бертін тәуелсіздіктің ақ таңы атып, еліміз егемендік алды. Алғашқы қиындықтарға төтеп беріп, ел іргесі сөгілмей, азаматтар әрі қарай  еңбек ете берді. Соның нәтижесі қазір көрініп тұр. Әркімнің өзінің жеке шаруашылығы бар. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп Абай атамыз айтқандай, сол еңбектің зейнетін  ауылдас-тарым  қазір көріп отыр.  
Болашаққа сеніммен бара жатқан ауылыма алда да жақсылық  тілеймін. «Кіндігімнің жас қаны тамған жерім» – Торғайым, өркендей берсе екен.
  Жеңіс БӨДЕШОВ.
Торғай ауылы,
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар