Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Салалар бойынша бөлінген қаржы толық игерілуі тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Салалар бойынша бөлінген қаржы толық игерілуі тиіс

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысы, жолдарды күтіп ұстау және әлеуметтік мәні зор азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне жол бермеу мәселелері талқыланып, нақтылы міндеттер белгіленді.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бо-йынша облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Арсен Жанғасқанов алдағы 5 жылда облыстық және аудандық мақсаттағы жолдарды жөндеу бойынша жоспарлары туралы айтып берді.
Басқарма басшысының айтуынша, ағымдағы жылы 411,2 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұдан бөлек, 96 су ағызу нысаны жөнделеді. Осы мақсатта 20 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Оның 1,5 миллиард теңгесі – «Ауыл бесігі» бағдарламасы бойынша, 3,1 миллиард теңгесі – «Нұр-Сұлтан қаласының іргесінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту» бағдарламасы бойынша, 4,8 миллиард теңгесі – «Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары» бағдарламасы бойынша, 6,7 миллиард теңгесі облыстық мақсаттағы жолдарды жөндеуге, 2,4 миллиард теңгесі мақсатты трансферттерге, 1,2 миллиард теңгесі Көкшетау қаласында «Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумын» өткізуге, 595 миллиард теңгесі – «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша қарастырылған.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалының директоры Төлеген Абдуллин өңір арқылы өтетін республикалық мақсаттағы жолдардың жағдайын баяндады.
«Алдағы қыркүйек айында «Щучинск-Зеренді» бағытындағы тас жол пайдалануға беріледі. Жалпы, биылғы жылы облыс бо-йынша жалпы ұзындығы 160 шақырымды құрайтын 10 жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Нұр-Сұлтан – Петропавл» автожолы, Көкшетау қаласынан шыға беріс жол қалпына келтірілуде.
Осы орайда, облыс әкімі жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшылығына, аудан және қала әкімдеріне жол инфрақұрылымын жасқарту үшін бюджеттен бөлінген қаржыны толық игеруді, сондай-ақ, құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапалы әрі уақытылы жүргізуді тапсырды.
Ал, әлеуметтік мәні зор азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында қолға алынған шараларға облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов кеңінен тоқталды. Басқарма басшысы келтірген мәліметтерге қарағанда, жыл басынан бері облыста 133 жедел штаб отырысы, 485 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша 983 меморандумға қол қойылған.
Облыс басшысы баяндамашының сөзін тыңдай келе, басқарма басшысы мен аудан және қала әкімдеріне бөлшек және көтерме сауда да тауар бағасына тұрақты түрде талдау жүргізіп отыруды міндеттеді. Егер бағаның бірден өскені анықталса, жедел шара қолдану үшін Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарлап отыруды тапсырды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асыру барысы туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкин айтып берді. Бүгінгі таңда аталмыш бағдарлама бойынша облыста мұражайлардың инфрақұрылымын жақсарту, кітапханаларда кітап қорын цифр-
ландыру, тарихи танымал тұлғалардың есімдерін насихаттау бойынша жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, қосымша мәліметтерді жинау арқылы Астрахан ауданы аумағында орналасқан «Тоғыз әулие» киелі орны жалпыұлттық мақсаттағы тізілімге енгізілді. Ал, Аңғал батыр, Шамай батыр, Қабыл батырдың жерленген орындары өңірдегі киелі жерлер тізіміне енгізіліп отыр.
Аппарат мәжілісін қорытындылған облыс әкімі облыстық ішкі саясат, туризм, мәдениет, мұрағаттар мен құжаттар басқармаларының басшыларына аудан және қала әкімдерімен бірлесіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі шараларды одан әрі жүзеге асыруды және сарапшыларды тарта отырып, өлкетануды дамыту бойынша ұзақ мерзімді жобаларды қолға алуды тапсырды.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар