Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әділ төрелік билер сотының басты қағидасы болған - АРҚА АЖАРЫ

Әділ төрелік билер сотының басты қағидасы болған

_dsc0601.jpgҚазақ хандығының 550 жылдығына орай, Бурабай аудандық сот ғимаратында өткен «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ елінің құқықтық жүйесі және билер сотының төрелігі» атты ғылыми конференцияға Қазақстан Рес-публикасы Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, Судьялар Одағының хатшысы Сансызбек Райымбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева, аймақтық  сот төрағалары, ғалымдар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

  Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов ашып, жүргізіп отырған конференция барысында Қазақ елінің құқықтық жүйесі және билер сотының төрелігіне қатысты бірнеше баяндамалар тыңдалды. Игі шарада сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, жазушы Жабал Ерғалиев Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту қарсаңында еліміздің бірқатар аймақтарынан келген өкілдердің атақты Абылай хан қырық сегіз жыл билік құрған киелі Бурабай жерінде бас қосуы өте орынды екенін айта келе, Елбасымыздың «Тарих толқынында» атты еңбегіне, әсіресе, жуырда жарияланған «Бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 қадам» атты маңызды құжатқа кеңінен тоқталып өтті.
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтымыздың тарихын тереңірек зерттеуге зор көңіл бөлгендігінің,  еліміздің белгілі тарихшыларына шет елдердің мұрағаттарында жұмыс істеуге жағдай жасауының арқасында өзімізді енді-енді танудың алғашқы қадамын жасап отырмыз. АҚШ, Еуропа елдерінен бұрын демократия ұғымы біздің қазақ даласында қалыптасқан. Неге десеңіздер, біз сөзге тоқтай білген халықпыз. Ертеде түйткілді мәселелерді шешу кезінде он үш жасар бала әділ билігін, адалдығын айтса, ханның өзі соның сөзіне тоқтағаны тарихтан белгілі. Тәуке ханның «Жеті жарғысы», билеріміздің шешендік сөздері тұрғанда, шет мемлекеттердің сот жүйесіне еліктеп қажет емес, – дей келе, сот жүйесін реформалауға қатысты пікірін айтты. Президентіміз сот саласын ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Сайлауалды бағдарламасында Елбасы сот жүйесін жетілдіру, судьялардың халыққа мейлінше жақын болуын қадап айтқан еді.  
Бұл мәселелер  Судьялар Одағының хатшысы Сансызбек Райымбаевтың баяндамасынан да көрініс тапты. Ертедегі қазақ билерінің ең басты ұстанымы әділдік болғаны, өкінішке орай, қазіргі сот жүйесінде осы принцип әлі өз орнын таба алмай келе жатқаны да айтылмай қалмады.
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай Шоқан Уәлихановтың «Сот реформасы туралы жазбасына» тоқталса, Петропавл қалалық сотының төрағасы  Әбдіқаһар Еркебаев, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қадыржан Әбуов, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессоры Қуанышбай Орманов шара жұмысын секция форматында жалғастырды.  
Сондай-ақ, конференция барысында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бейнефильм көрсетіліп, жиын соңы пікір алмасуға ұласты. Онан әрі қатысушылар Щучинск қаласында орналасқан Абылай хан атындағы тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасап, ел өміріндегі маңызды датаға орай ұйымдастырылған игі шара осылайша өз мәресіне жетті.            
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар