Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қыс – мектепке де сын - АРҚА АЖАРЫ

Қыс – мектепке де сын

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Шортандыда өткен әкімдіктің көшпелі отырысында білім нысандарының

жаңа оқу жылына және алдағы қысқы жылу беру маусымына дайындығы туралы мәселелер қаралды.

Облыстық білім басқармасының басшысы Талғат Жүнісовтың баяндауынша, облыстың мектептерінде 124 мың оқушы, оның ішінде 16 мың бірінші сынып шәкірті оқиды деп болжамданып отыр. 12 білім мекемесінде күрделі жөндеу өткізуге республикалық және жергілікті бюджет қаржысынан 1,3 миллиард теңге бөлінген. Барлық мектептерде 1 миллиардтан астам теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізіліпті. Мектепке 6 мың баланы тасымалдау мәселесі шешілген. 112 мыңнан астам оқушы үшін ыстық ас ұйымдастырылады. Жалпылай оқыту қоры 14 мың баланы тегін және бағасы жеңілдетілген тағаммен 100 пайыз қамтамасыз етеді.
Мектептерде 14 841 мұғалім жұмыс істейді. Биыл жұмысқа 227 маман келіпті. Облыстың барлық мектептері кең жолақты интернетке қосылған. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев қала мен аудан әкімдіктеріне жаңа оқу жылына мектептерді уақытында дайындауды тапсырды. Жөндеу жұмысын аяқтау, оқу әдістемелік құралдарын сатып алу және мамандармен қамтамасыз ету қажет. Жылу беру маусымына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен әлеуметтік саланың нысандарының дайындық барысы жөнінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Иван Юрченко баяндап берді. Нысандардың дайындығы 77 пайызды құрайды. Жұмыстар штаттық режимде орындалуда. Қажетті отын қорын жасау жұмыстары жүргізілуде. Коммуналдық кәсіпорындарға 2,3 миллиард теңгенің мазутын сатып алу үшін облыстың өтінімі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде қаралуда.
Бүгінгі таңда 79 ұйымның ғимаратынан қазандықты шығару қажет. Оның 48-і «Орталық жылу тарататын компания» серіктестігіне берілген. Ермек Маржықпаев жылумен қамтамасыз ететін нысандардағы жөндеу жұмысын ерекше бақылауға алуды қала мен аудан әкімдеріне тапсырды. Бұл жұмыстар 15 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс. Аршалы кенті мен Свободный селосындағы бу қазандығы мен жылу жүйесін пайдалануға беруді қамтамасыз ету қажет.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар