Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұшырды алтын ұясы - АРҚА АЖАРЫ

Ұшырды алтын ұясы

 Кеше облысымыздың барлық мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты болып өтті. Көкшетау қаласындағы №1 орта мектепте өткен осындай шараға  қала әкімі Ермек Маржықпаев, облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова қатысып, жаңа өмір сапарына қанат қағып бара жатқан мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тіледі.

  Биыл облыстағы 4457 оқушы үшін мектеп қоңырауы соңғы рет сыңғырлады. Алда оларды үлкен өмір жолы, бел-белестер күтіп тұр. Жаңа өмірге қадам басқалы тұрған олардың 3207-і жоғары оқу орындарына түсу үшін 2-5 маусым аралығында ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына қатысады. Облыс бойынша 184 мектеп бітіруші «Алтын белгіден» және 58 оқушы «Үздік аттестаттан» үміткер. Сондай-ақ, Назарбаев зияткерлік мектебін тәмамдайтын 95 мектеп бітірушінің жетеуі «Алтын белгі» және он бесі «Үздік аттестат» үміткері. Халықаралық олимпиадалардың қатысушылары мен республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан босатылады. Облыста олардың саны 46 оқушыны құрап отыр.    
Биыл ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыратын оқушылар жоғары оқу орындарына түсу үшін 50 балл, ал ұлттық университеттерге түсу үшін 70 балл алулары тиіс.
Сонымен бірге, облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 9775 білім алушысы негізгі мектеп бағдарламасын аяқтап отыр.
– Құрметті мектеп бітіруші қарлығаштар, сіздер бүгін қызығы мен шыжығы мол өмір айдынына аттанғалы отырсыздар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің болашағын сіздермен, яғни, саналы да білімді жастармен байланыстырады. Ел игілігі үшін қызмет етіп, мемлекетіміздің мерейін үстем ететін өздеріңізсіздер. Білімді ұрпақ – біздің ертеңіміз. Сондықтан, он бір жыл бойы алған білімдеріңізді алда күтіп тұрған ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы анықтап бермек. Бұл сыннан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Қала бойынша 847 мектеп бітіруші болса, оның 43-і «Алтын белгі» үміткері. Баршаңызға сәт-сапар тілеймін, – деп ізгі тілектерін жеткізді қала әкімі Ермек Маржықпаев.
Міне, соңғы қоңырау үні де естілді. Оқушылар білім берген ұстаздарымен, алтын ұя мектептерімен қимастықпен қоштасып барады. Алда ұзақ та жарқын өмір соқпағы. Жеңісті, жемісті жыл болғай.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.
Суретті түсірген
Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар