Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Табиғат жауапсыздықты емес, қамқорлықты сүйеді - АРҚА АЖАРЫ

Табиғат жауапсыздықты емес, қамқорлықты сүйеді

Жаз басталысымен жүздеген дем алушылар табиғатқа шығады. Алайда, адамдардың абайсыздығы мен салғырттығы кейде қайғылы өртке әкеп соғады.

Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес өрттердің алдын алу үшін:
— елді мекендердің аумақтары мен ұйымдар шегінде өртке қарсы қашықтықты қадағалап, ғимараттардың, құрылыстар мен ашық қоймалардың, сондай-ақ учаскелерге іргелес орналасқан тұрғын үйлердің, саяжайлар мен басқа да құрылыстардың маңайын жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, ыдыстан, ағаш жапырақтарынан, құрғақ шөптен уақтылы тазартуды;
— қызметі дала, орман және тоғайлы алқаптарда жүзеге асырылатын ұйымдардың басшылары өздеріне сеніп тапсырылған аумақта өрттің пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауды;
— автомобиль және темір жол бойындағы ағаш отырғызуды периметрі бойынша кемінде 4 метр жолақпен жүргізуді;
— дала алқаптары ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, жер телімдерінің шекарасы бойынша ені кемінде 4 метр жолақпен жыртылуын іске асыру керек.
Өртті болдырмау мақсатында жанып тұрған сіреңке мен темекі тұқылын жерге тастамаңыздар, алауды тек топырақ қабатына дейін тазартылған алаңға жағыңыз. Отты сумен сөндіріңіз немесе ошақтың жануы толық тоқтағанға дейін қадағалаңыз. Шыны ыдысты және сынған шыныны қалдырмаңыз.
Басталған өртті сумен және ұзындығы 2 метрге дейінгі жапырақты ағаштардың бұтақтарымен сөндіріңіз немесе жер лақтырыңыз.
Дала өрттерін сөндіру кезінде жалынды қаптармен, басқа қолда бар құралдармен өшіріңіз, егер қолыңызда техника болса, оны пайдалануға тырысыңыз, онымен өрт учаскесін сөндіріңіз немесе жыртуды жүргізіңіз. Ең алдымен оттың таралуын тоқтату, одан кейін ең қарқынды жану орындарында отты сөндіру керек. Бұл ретте су ағысын жалын емес, жанған жерге беру керек. Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша өртке қарсы қызметке хабарлаңыз!

Есенгелді ҚАЖЫҒАЛИЕВ,
Көкшетау қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар