Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жас блогерлердің үйренері көп - АРҚА АЖАРЫ

Жас блогерлердің үйренері көп

Қазіргі таңда адам баласы өзін ақпараттық технологиясыз елестете алмайды. Бұл күнде кез- келген маман ақпараттық ағыны тоғысқан компьютерді және басқа электронды құралдарды пайдалана отырып, сол ақпаратты алуға, өңдеуге және пайдалануға қабілетті болуы керек.

Қазіргі уақытта білім беру алдында көптеген міндеттер тұр, олардың ішіндегі ең маңыздысы – өскелең ұрпақты ақпараттық қоғам өміріне дайындау.
Бурабай ауданындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ағымдағы жылдың 14-28 тамыз аралығында республикалық жас блоггерлердің қатысуымен 11-ші ауысым өтуде. Аталған ауысымға БАҚ көшбасшылары, жас фотографтар, блогерлер, вайнерлер және бейнеоператорлар жиналды.
Ауысым аясында балалардың зияткерлік және шығармашылық белсенділігін арттыру және бос уақытын белсенді ұйымдастыру мақсатында ақпараттық технологиялар саласындағы ауысым қатысушыларымен түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Мысалға, «Мен-блогермін» атты спикерлер сайысы, «Like, Like» бейнероликтер байқауы, #Baldaurenchallenge байқауы, «Балдәурендіктерге лайфхак…» секілді балалардың көңілінен орын алған тақырыптық іс-шаралары ауысым бағдарламасының мазмұнын жарқын әрі қызықты ете түсуде. Сонымен қатар, әрбір бала өзінің зияткерлік, шығармашылық, спорттық қабілеттерін көрсетуіне зор мүмкіндік алды. Әрине, ауы-
сым тақырыбына сай өткізілген іс — шаралар, спорттық жарыстар, шығармашылық жұмыстар, ойындар, кештер балаларға жақсы көңіл-күй мен жаңа білім, ұмытылмас әсер сыйлайды.
Балаларға қосымша білім беру жүйесі баланы дамыту тәсілдерінің кең таңдауын ұсынады, баланың еркін өмір сүруіне және шығармашылық көзқарас арқылы табысты дамуына жағдай жасайды. Иә, белсенді шығармашылық бала болашағының көкжиегін ашып, әлеуетін ашуға ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Соған байланысты, «Балалардың арман аралында» демалысын өткізген әр баланың жеке қалыптасуына өз үлесімізді қосып, балаға дұрыс бағыт-бағдар сілтеп, жол көрсету –
біздер үшін үлкен бақыт, әрі міндет.

Айнұр ЕРДЕНОВА,
«Балдәурен» республикалық
оқу-сауықтыру орталығының
баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар