Рухани жаңғыру жұмыстарынан бірде-бір елді мекен шет қалмайды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатысты брифингте Егіндікөл ауданының әкімі Ерлан Исабековтың отбасылық құндылықтар мәселесінің қолға алынып жатқаны туралы айтқаны құлаққа жылы тиді.

Аудан әкімінің айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру бағытында арнайы жоспар жасалып, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биылғы жылы ұлттық сәйкестікті сақтау мақсатында №1 Егіндікөл орта мектебінде «Шамшырақ» отбасылық құндылық клубы ашылды. Клуб мүшелері мәдени мұраны сақтауға бағытталған шаралар өткізіп, жетім балалар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбастарына демеушілік көмек көрсетуге ықпал етеді. Әжелер оқушылармен қазақ отбастарындағы қыз тәрбиесі жөнінде әңгіме өткізеді.
Одан әрі Ерлан Исабеков мемлекет пен қоғам арасындағы сұхбатты ұлғайту үшін әлеуметтік желінің мүмкіндігі кеңінен пайдаланылатынын айтты. Аудандық басшылар мен село округі әкімдері белгілі әлеуметтік желілерде аккаунттар ашыпты. Мұнда әр тұрғын өз сұрағына тікелей жауап ала алады. Жыл басынан бері Спиридонов, Полтавка селолары тұрғындарының өзекті мәселесі бойынша жоспардан тыс кездесу өткізілген. Нақты орындаушылар және орындалу мерзімі көрсетіліп, шаралар жос-
пары жасалыпты. Оны қоғам әлеуметтік желілерден бақылай алады.
Аудан аумағында орналасқан Бектемір сопы кесенесі Ақмола облысы киелі жерлерінің тізіміне енгізіліпті. Биылғы жылы оның аумағы жергілікті тұрғындардың күшімен абаттандырылған. Киелі жер жөніндегі материал облыстық, аудандық газеттер мен әлеуметтік желіде жарық көрді. Сондай-ақ, Буревестник селосы аумағында орналасқан осындай кесенені зерттеу жұмысы жүргізілуде.
«Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында аудандағы меценаттардың қаржысы есебінен Ұзынкөл селосында жас мамандар үшін 11 тұрғын үй жөнделуде. Көркем ауылында спорт залдың құрылысы аяқталып келеді. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері Егіндікөл селосында көп балалы отбасы санатындағы өз еңбеккерлеріне тегін тұрғын үй беріпті. Село ішіндегі жолдарды жөндеген. Қоржынкөлде село күні мерекесі өткізіліпті. Осыған байланысты абаттандыру жұмысы жүргізілген. Қоғамдық монша мен дәмхана қалпына келтіріліп, стадион салыныпты. Полтавка селосы көгалдандырылып, ағаш көшеттері отырғызылды. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері Бауман, Спиридонов және Қоржынкөл селоларындағы мектептің оқушылары үшін тегін тамақ ұйымдастырды.
–2020 жылы Егіндікөл ауданы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы орайда, 27 пәтерлік тұрғын үйдің, балалар мен спорт алаңдарының құрылысы жос-
парланды. Парктер мен орталық стадион қалпына келтіріледі. Аудандағы село ішінің жолдары жөнделіп, жаяу жүргінші жолдары салынады,– деген аудан әкімі тілшілердің қойған сауалдарына жауап берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар