Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Степногорск қаласының әкімі тағайындалды - АРҚА АЖАРЫ

Степногорск қаласының әкімі тағайындалды

24 мамыр күні Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Степногорск қаласында болып, қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, Степногорск қаласының әкімі лауазымына Әнуар Күмпекеевты тағайындау туралы ұсыныс жасады. Әнуар Күмпекеевтің іскерлік және адамдық қасиеттерін сипаттай келе,  тәжірибесінің де бар екендігін айтты. Әрі бұл мәселе жөнінде Президент Әкімшілігінің келісімі де бар.
Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеев 1984 жылы туған, білімі жоғары, 2005 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы Ұлыбританияның Бредфорск университетінде экономикалық саясат магистрі дәрежесіне ие болған. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2005 жылғы қыркүйек
айында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Экономика және қаржы департаментінің жетекші маманы болып бастады. 2007  жылғы қазан айынан бастап «Қазақстан Республикасы биотехнология ұлттық орталығы» РМК стратегиялық даму департаментінің директоры, Маркетинг және коммерциализациялау департаментінің директоры  болып қызмет атқарды. 2008 жылдың қыркүйек айынан коммерциялық құрылымдарда әртүрлі басшылық қызметте болды. 2009 жылғы желтоқсан айынан  «ТҮКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ департаментінің директоры, 2011 жылғы шілде айынан басқарма мүшесі – басқарушы директоры.
2012 жылдың шілде айынан Степногорск қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Қалалық мәслихаттың депутаттары үміткерді бірауыздан қолдады. Тиісті шешім қабылданды. Сессиядан соң қала активіне облыс әкімі Сергей Кулагин қаланың жаңа әкімін таныстырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар