Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көпшілікті алдымен егін орағын ойдағыдай өткізу толғандыруда - АРҚА АЖАРЫ

Көпшілікті алдымен егін орағын ойдағыдай өткізу толғандыруда

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев кезекті жұмыс сапарымен Сандықтау және Жақсы аудандарында болып,

астықты алқаптардағы жұмыс барысымен танысты, сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып жатқан құрылыс нысандары мен пайдалануға берілген жаңа мешітті аралап көрді. Жақсы селосында «Ақбидай» облыстық жазғы спартакиадасының ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі спортшыларды осы спорт мерекесімен құттықтап, жарыс жолында жеңістіледі.

Сандықтау ауданының диқандары биылғы жылы 312724 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіріп отыр. Мұның 289812,8 гектары дәнді дақылдарды құрайды. Бұл былтырғы деңгейден біршама артық. Сонымен қатар майлы дақылдар, картоп, көкөніс, екпе шөптер көлемі де көбейтілген.
Аудан басшыларының айтуынша, ырыздық дәнін жинап алуға толық дайындық жасалып отыр. Науқанға 514 комбайн, 932 трактор, 292 жатка, 452 жүк автомобилі қатысады. Үстіміздегі жылы
1 миллиард 995 миллион теңгеге әртүрлі ауыл шаруашылығы техникасы сатып алыныпты. Көктемгі дала жұмыстарына 4615 тонна дизель отыны бөлінген. Осыдан болса керек, алқаптар басындағы диқандардың көңіл- күйі көтеріңкі көрінді.
Облыс әкімі Ермек Маржықпаевты өңірге танымал шаруашылық басшылары әкелі-балалы Закусиловтар емен жарқын қарсы алды. «Свободное» және Максимовка» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің егіс танаптары қатар орналасқан екен. Бұл жер ыңғайына қарай болғанымен, әулеттік бәсекелестіктің жақсы бір көрінісі ретінде әсер ететіндей. Қырық жылға жуық «Свободное» шаруашылығын басқарып келе жатқан Александр Закусилов әдеттегідей 15 мың гектарға аудандастырылған элита тұқымдарын сеуіпті. Алдымыздағы жайқалып өскен бидай мен арпа №16 және №18 алқаптың 700 гектарында ерке желмен тербеле қызықтырады. Соған қарамастан, даңғайыр диқан өнімділіктің өткен жылғы деңгейден аспайтынын айтып тұр. Біздің байқауымызша, көңілдегі есепке ауа райының қолайсыздығы әсер еткендей. Бұл орайда ол: «Жер-Ананы алдай алмайсың. «Балапанды күзде санайсың» деген бар ғой», – дейді күлімсіреп.
Көрші танаптағы жас Закусилов ораққа осыдан бес күн бұрын кірісуге дайын болғанын айтады. Әр жылдың өз ерекшелігі болатынын жақсы білетін Александр Александрович комбайндар кез-келген, сәтте бөлектеп те, тікелей де егін оруға кірісе алатынын айтты. Біздің сұрағымызға қарай ол «Любава 5» аталатын бидайдың жұмсақ тұқымына жақсы лебіз білдірді. Бұл тұқым соңғы екі жылда гектарына 50 центнерден өнім берген. Емеурінге қарағанда, диқан биыл да осы «Любавадан» жоғары көрсеткішке үмітті екені байқалып тұрды.

Өңір басшысы Ермек Маржықпаев бұдан кейін Веселое ауылында болып, мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік аясында салынған және салынып жатқан әлеуметтік және шаруашылық бағытындағы нысандармен танысты. Осындағы «Байдалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде салынып жатқан 400 бас ірі қараға арналған бордақылау кешенінің құрылысында болып, атқарылып жатқан жұмыстарға жақсы бағасын берді. Бұл кешенге мал сатып алу ісі де қатарлас жүрізілуде екен. Жалпы, аталған шаруашылықты ұзақ жылдар басқарған Социалистік Еңбек Ері, марқұм Байдалы Оразалиннің бүгінгі әулеті – Бағдат пен Марат Оразалиндер игі дәстүрді табысты жалғастырып отырғанына бәрекелді деуге болады. Ермек Боранбайұлы еңбек әулетінің ұлағатты істерін өзгелерге үлгі етті. Сондай-ақ, ол ауылдағы жаңадан салынған мешітте аруақтарға бағыштап құран оқытты.
Сандықтаулықтарға жауапты науқанда сәттілік тілеген облыс әкімі Ермек Маржықпаев сары алтынды далалық жолмен Жақсы ауданындағы «Труд» серіктестігінің жайқалып өскен егінжайына келіп тоқтады. Шаруашылықтың №20 алқабында 429 гектардағы «Астана 2» элита тұқымы себілген бидайдың масағы сыңғырлап, пісіп-ақ қалған екен. «Дала кемелерінің» қатарласқан тізбесі еңбек ырғағының жоғарылығын байқатады. ЖШС директоры Дулат Досқожин науқанға дайындық, бекітілген жұмыс жоспары, еңбекті ұйымдастыру мен механизаторларға жасалған тұрмыстық жағдайлар, астық тасымалы және қырман шаруашылығы жайлы тиянақты баян жасады. Өңір басшысы шаруашылықта егін жинаумен қатар, жер өңдеу жұмыстары қатар жүргізіліп жатқанын болашақтың молшылығына бастайтын қадам ретінде бағалады.
Өңір басшысы Ермек Боранбайұлы серіктестіктің орталық қонысындағы әлеуметтік сәулетті нысандарда болды. Алғашқы тың игеруші В.Я.Рагузов атындағы еңбек және даңқ мұражайы 1954 жылы құрылған шаруашылықтың жылнамалық тарихын толықтай қамтығаны көрініп тұр. Тәрбие ошағындағы барлық жұмыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен, «Ауыл – ел бесігі» жобасымен өзектес екендігі биік мақсаткерлікті байқатады. Бұл бастапқыда 1978 жылы салынған апатты жағдайдағы үй екен. Қазір шаруашылық мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік үдерісімен мұны екі қабатты зәулім әрі әсем ғимарат деңгейіне жеткізген. Қайта құру жұмыстарына 12 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалыпты. Бұл ғимаратта үлкен тренажерлік зал, сәулетті мейрамхана да орналасқан.
Бұған қоса, «Агрофирма ТНК» компаниясының өндірістік бөлімшесі саналатын «Труд» ЖШС өз қаржы есебінен 12 миллион 410 мың теңгелік балалардың спорттық-сауықтыру алаңын тарту етіп отыр. Шаруашылықтың жаңа моншасында шаштараз, кір жуу қызметі жұмыс істейді. Орталық көшеде 86,23 шаршы метрлік тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Бақберген Амалбеков,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

(«Ақбидай» облыстық жазғы спартакиадасы туралы материал газетіміздің келесі санында жарияланатын болады).

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар