Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ата Заңның салтанаты мен қуанышы - АРҚА АЖАРЫ

Ата Заңның салтанаты мен қуанышы

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев «Көкшетау» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналысқа қатысып, жиналғандарды мемлекетіміздің басты бір мерекесімен құттықтады, облысымыздың қоғамдық-саяси және мәдени өміріне белсене қатысып жүрген бір топ ақмолалықтарға Алғыс хаттарын және көп балалы аналарға жаңа пәтерлердің кілтін тапсырды.

Салтанатты жиналыс басталардан бұрын залға мемлекеттік Туымыз енгізіліп, мемлекеттік Әнұран орындалды. Салтанатты шараға келген мемлекеттік қызметшілер, еңбек ардагерлері, зиялы қауым, жастар мен басқа да жұртшылық өкілдерінің алдында облыс әкімі Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйледі.
–Еліміздің барлық заңдарының қайнар көзі – Ата Заңымыздың қабылданғанына 24 жыл толып отыр. Сіздердің баршаңызды егемен еліміздің бас мерекелерінің бірі – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституциямыз мемлекетімізді нығайтып, барлық елдермен тереземізді тең етті. Содан бері ол біздің еліміздің саяси өмірінің басты кепілі ретінде өзінің өміршеңдігін танытып, қоғамның дамуына, барша қазақстандықтардың қалыпты өмір сүруіне кең жол ашты. Тәуелсіз еліміздің аз уақыттың ішінде қол жеткен жетістіктерінің бәрі кәріден жасқа дейін әрбір азаматтың құқықтарын қорғайтын, мемлекетіміздің барлық құрылымдарының берік іргетасы болып табылатын осы Конституциямыздан бастау алады, – дей келе, облыс әкімі бұл сөздерін Ақмола облысының бүгінгі таңдағы толымды табыстарымен баянды ете түсті.
Биылғы жылы әсіресе, облыс орталығында тұрғын үй құрылысының қарқынды жүргізіліп жатқандығы қуантады. Қазіргі уақытта салынып жатқан 35 үйдің дені осы жылы пайдалануға берілмекші. Жалпы, жыл ішінде 500 мың шаршы метр тұрғын үй алаңын іске қосу көзделсе, оның 300 мың шаршы метрі қазірдің өзінде тұрғындар игілігіне берілді. Облыс халқы Ата Заңымыз берген кепілдіктердің жемісін барлық салада да көріп келеді. Соның бір жарқын үлгісіндей, биылғы жылы ашылған жүзге тарта нысан қаншама адамның жұмыс орындарымен қамтылуына да қолайлы жағдай туғызды.
Облыс әкімінің құттықтау сөзі одан әрі әр саладағы еңбек адамдарына көрсетілген лайықты марапатпен жалғасын тапты. Сөйтіп, Зеренді ауданындағы Ортақ ауылының тұрғыны Қаратай Жангуллин, Сандықтау ауданындағы диқаншылар әулетінің жетекшісі Бағдат Оразалин, Целиноград аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Ерсінқызы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қасым Итқұсов және тағы басқалары аймақ басшысының қолынан Алғыс хаттарын алды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы уақытта халықты әлеуметтік жағынан қорғау мәселелеріне көп көңіл бөліп отыр. Осының бір көрінісі іспеттес, облыс әкімі салтанатты жиналыста Индира Тәшенова, Гаухар Қанапянова, Айгүл Ғабдуллина, Сәуле Бірімжанова, Мира Қалиақпарова сияқты бір топ аналарға жаңа пәтерлердің кілтін тапсырды. Ұл-қыздарымен, өмірлік жарларымен бірге сахнаға көтерілген бұл аналардың әрқайсында кемі үш-төрт баладан бар. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша баспаналы болып, өмірде үлкен бір армандарына жетіп отырған әрбір ата-ананың бұл қуаныштары әрине, айтып жеткізгісіз.
Салтанатты жиналыс игілігі мұнымен де толас таппай, бір топ жас мемлекеттік қызметшілер қалың көпшіліктің алдында ант қабылдады. Тәуелсіз мемлекетіміздің дамып, өркендеуінің берік негізі болып табылатын Ата Заңымыздың мерекесі осылайша әр жүректі өмір қуанышы, көңіл қуанышына толтырып, мазмұнды концерттік бағдарламамен мәресіне жетті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар