Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жер халыққа игілігін тигізуі қажет - АРҚА АЖАРЫ

Жер халыққа игілігін тигізуі қажет

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бізде тек елімізге ғана емес, шетелге де қажет органикалық және экологиялық таза өнім өндірудің үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті.

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсімі орташа әлемдік көрсеткіштен жоғары болғаны қуантады. Жолдауда егер қажетті құрылымдық өзгерістер жүзеге асырылса, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге болатыны айтылды. Президент еңбек өнімділігінің нақты өсімін кем дегенде 1,7 есеге арттыру керектігін, Орталық Азиядағы беделімізді арттыру – стратегиялық міндет екенін айтты. Шағын және орта бизнес ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс беріп, жұмыссыздықты азайтады. Сондай-ақ, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Бизнесті қолдауға Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Жаңа «Бизнестің жол картасы» аясында Мемлекет басшысы Үкіметке алдағы үш жылға 250 миллиард теңге бөлуді тапсырды.
–2030 жылға дейін суармалы жерлер 3 миллион гектарға дейін кезең-кезеңмен көбейтуіміз керек. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Тиісті министрліктер фермерлердің өнімін сыртқы рынокқа шығаруға қолдау көрсететін болды,–деген Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының шикізат бағытынан кету қажеттігін айтты. Қазір барлық шикізат өнімінің 70 пайызы экспортталады екен. Ал, еліміздегі өңдеуші кәсіпорындар шикізатпен 40 пайыз қамтылған. Ауыл шаруашылығына шетелдік инвесторлар тарту өзекті мәселе болып отыр. Одан әрі Президент жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын, оған жол берілмейтінін айтты. Алдағы уақытта пайданылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері тәркіленіп, жермен жұмыс істейтін адамдарға беріледі. Бұл мәселені шешпей, отандық агроөндірістік кешенді сапалы дамыту мүмкін емес.
Бүгінгі таңда ет өндірісін көбейту азықтық дақылдарды өсіретін жердің жетіспеушілігіне тіреліп отыр. Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру селодағы сапалы тұрмыстың жағдайына тікелей байланысты. Осы орайда, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға 90 миллиард теңге бағыттауды тапсырды. Биыл 30 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржы көлік, сумен және газбен қамтамасыз ету, мектеп, аурухана, спорт алаңының құрлысы тәрізді инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл қаржының жұмсалуы барлық мемлекеттік органдардың қатаң бақылауында болады.

Мұрат БЕРЛІБЕКОВ,
Жарқайың аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар