Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Келешекке нық қадам - АРҚА АЖАРЫ

Келешекке нық қадам

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы негізінен елдің табысын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға арналып отыр. Халықтың әлеуметтік жағдайының артуы да еліміздің экономикалық дамуына әсер етеді.  

Аталған Жолдауда экономикалық даму, әлеуметтің әлеуетін көтеру, адам денсаулығын нығайту, білім сапасын жақсарту сияқты еліміз үшін маңызды бастамалар бар. Сонымен қатар, Президент көпбалалы отбасының әлеуметтік жағдайын жақсартуға байланысты үй мен қамтамассыз етуді тапсырды. Көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балаларына тегін оқу гранты бөліп, оларды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Мектептерде  оқулықтың сапасын арттыруға байланысты оқулықты қайта жазуға ұсынды. Оқушыларды жазғы демалыс кезінде лагермен қамтамассыз етуді тапсырды. Мұғалімдер мен оқушылардың жағдайын жақсарту үшін ұстаздардың жалақысын 25 пайызға арттыруды тапсырды. Бұл дегеніміз ұстаздардың жалақысын төрт жылдың ішінде жүз пайызға артады деген сөз. Бұл ұстаздар үшін өте қуанышты жаңалық екені даусыз. Мұғалімнің жұмысқа деген құлшынысы артатыны белгілі.

Елбасының тағы да бір айтып кеткен маңызды мәселесінің бірі, барлық жұмыс істейтін азаматтар мен азаматшылардың зейнетақы қорына жинаған, ақшасын үй алуға пайдалана алатындығы. Жолдауда әйелдер мен балалардың құқығын қорғау мәселесіне кең көлемде тоқталды. Әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсетуге тыйым салу керек екені жайлы тоқталып, осындай келеңсіз жағдайлар жасалынған жағдайда жауапкершілікті қатаңдату сөз болды.

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түсері сөзсіз. Ең бас­тысы, мем­ле­кеттік қызметшілер Мем­­­лекет басшы­сының қолдауын сезініп отыр және Жолдауда айтылған барлық бастамаларын бірауыздан қолдайды.

 

Еркегүл ДҮЙСЕНБАЙ,

Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар