Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білім саласына жан-жақты көңіл бөлген жөн - АРҚА АЖАРЫ

Білім саласына жан-жақты көңіл бөлген жөн

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында білім сапасын жақсартуға басымдықпен көңіл бөлуді тапсырды.

Бізге жеткен дерек бойынша жылда көптеген  түлек жоғары оқу орнына түсе бермейді. Ізінше жұмыссыздар санатын толықтырады. Республикамызда отандық өндірісті дамытатын тұлға –  жастар. Сол себепті металлургия, машина жасау, тау-кен, мұнай-газ  саласының мамандарына елде сұраныс көбейіп келеді. Сондықтан, қыз-жігіт келешекте бәсекеге қабілетті, заман талабымен үйлесімді іс таңдауы  үшін кәсіптік бағдар жұмысын мектеп қабырғасынан бастағанымыз абзал. Ол үшін ұстаздар қауымы әуелі баланың қабілет-бейімін, белгілі бір іске әуестік-ықыласын анық біліп,  бағыт-бағдар беруі керек. Ұлттық стандарт негіздерінің ескерілгені де дұрыс қадам деп білемін. Бұл бағытта біздің ұжымда республиканың мәртебелі оқу орындарымен байланыс жолға қойылған.

Жаңағы сала мамандары өзімізде оқытылуы,  шет елден тартылмас үшін  қазақстандық жоғары оқу орындары тиісті грантын көбейтуі, колледждер оқуға қабілетті, техникаға бейімді талапкерді тегін қабылдағаны дұрыс. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Жастар жылымен шектелмей, алдағы уақытта да лайықты жалғасын табатынына, оған бүгінгі Жолдау сеп болатынына үміттіміз.

Біздің лицейіміздің ұжымы Жолдау қағидаларын ықыласпен құп алды. Жылда түлектеріміздің басым бөлігі университетке, институтқа грантпен қабылданып жатады. Қала мен ауыл мектептерінің арасында әріптестік байланыс берік орнығуы шарт. Бұл ауыл мектебіне маман тұрақтандыруға, цифрландыру, ақпараттандыру аясындағы істі сабақтастыруға септеседі деген ойдамын.

       Ерғали ЖАҚИН,

№2 орта мектеп-лицейдің директоры.

      Ерейментау қаласы.   

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар