Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дауларды реттеудің өз тәртібі бар - АРҚА АЖАРЫ

Дауларды реттеудің өз тәртібі бар

Облыстық соттың ғимаратында «Салық және кеден ұйымдарының іс-әрекетіне шағымдану. Мемлекеттік ұйымдармен сотқа дейінгі дауларды реттеу» тақырыбына өңірлік семинар мәжілісі  болып өтті.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов ашып, жүргізіп отырған бұл жиынға Астана қаласы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және басқа да облыстардан судьялар мен құқық қорғау саласының өкілдері қатысты. Алдымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Нұржан Қайыпжан баяндама жасап, іс жүзінде кедендік заңдылық қолданылған бірқатар азаматтық істерге тоқталып өтті. Оның айтуынша, соттың қарауына кедендік бақылау органдарынан арыз-талаптар жиі түседі екен. Біреулері шетелден коммерциялық мақсатта әкелінген тауарларға салық төлеуден жалтарып,  ісі сотқа кетіп жатса, декларация тапсыру кезінде салықты аз төлеу үшін тауарлардың бағасын әдейі азайтып қоятындар да бар көрінеді. Аталмыш жағдайдың біздің облыста да орын алғаны, салық дауларын сотқа дейінгі реттеуді жетілдіру мақсатында салық   апелляциясы жүйесін құру жолымен салық әкімшілігін реформалау қажеттілігі туындап отырғаны да кездесуде айтылды.
Онан әрі сөз алған Ақмола облыстық сотының судьясы Гүлжан Әлмағамбетова кеден заңнамалары ережелерін қолданудың кейбір сұрақтарына, ал, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы  Альфия Савинова салық органдарының шешіміне шағымдану мәселелеріне тоқталды. Семинар соңында көтерілген барлық мәселелер талқыланып, салық және кедендік заңнамаларды қолдану бойынша ортақ шешім шығарылды.     
«Арқа ажарының» өз ақпараты

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар