Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоғамды өскелең ұрпақ тәрбиесі толғандырады - АРҚА АЖАРЫ

Қоғамды өскелең ұрпақ тәрбиесі толғандырады

Елімізде жүргізілген реформаларға біздің де белсене атсалысып, жетістіктерге қуанып, кемшіліктерге өкінген сәттеріміз көп болды. Сондықтан да, әлеуметтік сала мен экономикада тұрақты табысқа қол жеткізу үшін алдымен қандай проблемаларға жете назар аудару қажеттігін жақсы білеміз. Кәсіби маман ретінде маған әлеуметтік саланы жаңғырту жолдары жақсы таныс. Мәселен, білім беру сапасына тоқталар болсақ, ауыл мен қала мектептеріндегі айырмашылық жер мен көктей.
Жасыратыны жоқ, жергілікті жердегі білім ошақтарының материалдық базасы әлі де түбегейлі жақсартуды қажет етеді. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша келетін жас кадрлар пәтердің жоқтығынан, жалақының аздығынан туындайтын әлеуметтік әділетсіздіктерге шыдай алмай кетіп жатыр. Өкінішке орай, шаруашылық басшыларының дәрменсіздігінен ертеңгі күні мектептер жабылып қалса, ауылдың жай-күйі не болмақ? Әсіресе, қазақ ауылдары тоз-тоз болып көшіп кетпесіне кім кепілдік бермек? Егерде жағдай осылай ушыға берсе, салт-дәстүріміз, мәдениетіміз бен ана тіліміз кенжелеп қалмай ма?
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай жергілікті атқарушы және өкілетті органдар ұстаз мәртебесін көтеру, жастарымыздың жан-жақты терең білім алуына қолайлы жағдай туғызу үшін ауқымды шараларды қолға алып отыр. Облыстық активте өңір басшысы Ермек Маржықпаев атап көрсеткеніндей, келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өспек. Тағы бір қуанышты жаңалық 11 сынып бітірген түлектердің 95 пайызы таңдаған мамандықтары бойынша білімін жоғары оқу орындарында жалғастырса, 9 сынып бітіргендердің 50 пайыздайы колледждерде оқиды екен.
Білімге қатысты жұртшылық арасында жиі айтылып жүрген тағы бір өткір мәселе – қаржыландырудың біркелкі болмауы, яғни, өңірлік басқарудың қазіргі жүйесінің тиімсіздігі. Бұл орайда Президент білім бөлімдерін басқару және бюджет қаржысын әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру керектігін ұсынып отыр. Дербес қаржыландыру жүйесі осылай тәртіпке келтірілсе, ойдағыдай нәтиже береді деген үміттеміз.
Жоғары оқу орындарына түсе алмаған жас жеткіншектердің тағдыры да қатты алаңдатады. «Жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы аясында 16 мың студент мемлекеттік тапсырыс-
пен қамтылса, «Еңбек» бағдарламасымен соңғы үш жылда колледждерге 3 мыңнан астам оқушы қабылданыпты. Алайда, бұл көрсеткіштер тұтастай облыс алдында тұрған проблеманы толық шеше алады деу қиын.
Сөзімді қорытындылай келе ардагерлер қауымына қатысты ойымды да білдіргім келеді. Жолдауда атап көрсетілгеніндей он жылдан кейін зейнетақы жинағының жетіспеушілігіне байланысты өзгерістер болуы мүмкін. Өйткені, жұмыс істеп, зейнетақы қорын толықтырып жатқан азаматтар саны азаяды. Ал, зейнеткерлер саны арта түспек. Осы орайда, зейнетақы активінен түсетін инвестициялық табыс пен жинақ деңгейінің төмендеуіне жол бермеу үшін Үкімет пен Ұлттық банкке үлкен жауапкершілік жүктелуде.
Мемлекет басшысының жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинағындағы қаражатын ішінара баспана сатып алуға немесе білім алуға пайдалану жөніндегі ұсынысы көңілге қонымды.
Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылауға арналған қалалық активте атап көрсетілгеніндей, ағымдағы жылға белгіленген әлеуметтік-экономикалық жоспарлардың толықтай орындалатындығына сенім мол. Өнеркәсіп орындары, әлеуметтік нысандар көптеп ашылып, тұрғын үй құрылысы жедел қарқын алған. Осынау қолжеткен жетістіктерді жерлестерімізбен бірге бөлісіп, Президент тапсырмаларын бұқара арасында кеңінен насихаттауға біз де өз үлесімізді қосуға да-
йынбыз. Біз үшін елдің бірлігі мен татулығы, өскелең ұрпақтың амандығы қымбат. Сол себепті де баршаңызды жұмыла еңбек етіп, іскерлік, табандылық танытуға шақырамын.

Шияп ӘЛИЕВ,
Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Көкшетау қаласының құрметті азаматы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар