Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолдаудың маңыздылығы айтылды - АРҚА АЖАРЫ

Жолдаудың маңыздылығы айтылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және талқылау мәселелері бойынша Ақмола облыстық сотында өңір судьяларымен кеңес өткізілді.

–Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауын еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуіне арнап отыр,– дей келе, облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналғандығын атап көрсетті.
Президент өзінің алғашқы Жолдауында Қазақстанның тұрақтылығы мен одан әрі өркендеуі жайлы айта отырып, 5 бағытты айқындап берді. Олар заман талабына сай тиімді мемлекет, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, қуатты өңірлер – қуатты ел.
Жолдаудың негізгі тапсырмалары – бұл халықпен тиімді кері байланыс орнату, митингтер туралы заңнаманы жетілдіру, қоғамдық келісімді нығайту. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сот шешімдерінің сапасын арттыру, әкімшілік әділет құрылымын енгізу, дәлелдемелерді жинақтау, азаматтардың мүдделерін ескеру, ауыр қылмыстарға қатысты жазаны күшейту. Оның ішінде, жыныстық зорлық-зомбылық, есірткі, адам саудасы, браконьерлік қылмыстар, сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күрес жүргізу ерекше орын алатыны және осы мәселелер бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке тиісті шаралар қабылдауға тапсырма бергені атап көрсетілді.
Облыстық соттың төрағасы судьялар корпусын еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуі жолындағы игі іске өз үлестерін қосып, сотта заң үстемдігі мен азаматтардың мүдделерін қорғаудың жоғарғы сапасын қамтамасыз етуге шақырды.
Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар