Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сот жүйесі де жетілдірілмекші - АРҚА АЖАРЫ

Сот жүйесі де жетілдірілмекші

Елбасының бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамын біз де басылым беттерінен жіті оқып шықтық.

Халықтың құқығын қорғаушы, әділдікті жақтаушы азамат ретінде ең алдымен тұрғындардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландырып, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту, барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу мәселелері дер кезінде қабылданған дұрыс шешім деп ойлаймын.
Өйткені, мұның барлығы да судьялар мен қарапайым азаматтардың арасында жиі орын алып жататын түсінбеушілікті болдырмауға, сот процесінің мейлінше ашық, әрі әділ өтуіне ықпал ететін болады.
Әрине, сот саласы аса жауапкершілік пен ұқыптылықты, шыншылдық пен әділдікті талап етеді. Мұның барлығын білгенімізбен, оны заң жүзінде қадағалап отыру аса маңызды шаруа. Жаңа құжатта  судьяның мақсат-міндеттері, сот процесін қалай жетілдіру керектігі толық қамтылған.  
Ал, азаматтық іс жүргізу кодексіне келетін болсақ, Елбасымыз  бұл заңға да тиісті өзгертулер енгізуді тапсырды. Алдағы уақытта аталған қадамдардың барлығы іс жүзінде орындалып, сот органдары да, әлеумет те оның оң  нәтижесін көреді деген сенімдемін.     
Асқар ҚҰЛМАҒАМБЕТОВ,
Бурабай аудандық
сотының судьясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар