Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көшелерді жөндеу жұмысын тездету – бүгінгі күннің басты міндеті - АРҚА АЖАРЫ

Көшелерді жөндеу жұмысын тездету – бүгінгі күннің басты міндеті

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев келесі жылы өтетін Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумына

дайындық шеңберінде салынып жатқан жол-көлік инфрақұрылымы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарының құрылыс алаңдарында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың қарқыны мен сапасына назар аударды.

Назарбаев даңғылындағы көшені жаңғырту қаланың орталық көшелеріндегі көлік қозғалысын біршама азайтуға көмектеседі. Мұнда Абай және С.Жүнісов көшелерінің қилысар тұсындағы жолдың тас жамылғысы жақсартылып, төрт бағыттағы жол айырығы салынуда.
Жол жөндеу жұмыстарымен танысқан облыс басшысы мердігерлердің сылбыр қимылынан қала тұрғындарына қатынау қиындық туғызып отырғанын қатаң сынға алды.
– Бүкіл қалада кептеліс орын алып отыр. Мұның сіздерге қатысы жоқ сияқты. Екі ауысымға көшіп, жұмысты ширату қажет, – деп айта келе, облыс әкімі Ермек Маржықпаев қала басшылығы мен мердігерлерге Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының Сәкен Жүнісов көшесімен қиылысар тұсында жол айырығын салу және асфальт төсеу жұмыстарын қыркүйектің 20-сына дейін аяқтауды тапсырды.
Осы күні Қопа көлінің жағасы аумағындағы құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Амангелді Смайыловтың айтуынша, Қылшақты өзені арқылы салынатын жаңа көпірдің маңына құм төсеу жұмыстары аяқталған. Жақында бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, диаметрі 1,5 метр бетон қазығын қағу жоспарланған.
Облыс әкімі Көктем шағын ауданындағы инженерлік желі магистралінің құрылысы, НПС көшесінен қалалық жылу қазандығына дейінгі аралықтағы жылу магистралі, «Васильковка» және «Центральный» шағын аудандары аралығындағы көшелерде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарына назар аударды. Облыс басшысы мердігерлермен кездесуінде әр нысанның маңыздылығына тоқтала келе, құрылыс және жөндеу жұмыстарын сапалы әрі кестеге сай жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар, облыс әкімі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жеңіл атлетика манежінде болды. Қазіргі кезде спорт нысанын қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. – Біз мұндай жұмыс қарқынын күтпеп едік, – дейді жеңіл атлетикадан Ақмола облысы құрамасының жаттықтырушысы Василий Чуйков.
Жаз айларын мердігер компания құрылысшылары нысанның төбе шатырын, жылу, су және кәріз жүйесін жаңартты. Қазіргі кезде ғимараттың сыртқы келбетін жаңарту жұмыстары 90 пайызға және ішкі әрлеу жұмыстары 80 пайызға орындалды. Еден бетоны кепкен соң жоғары сапалы «регупол» жабындысы төселеді. Жалпы, спорт нысаны қазіргі заманғы талаптарға сай жабдықталып отыр.
Бұдан әрі облыс басшысы «Оқжетпес» футбол клубының жаттығу барысымен танысып, бас жаттықтырушысы Андрей Карповичтен команданың биылғы маусымдағы жоспарлары туралы сұрап білді. «Истоки» мәдениет үйінде балалар үйірмелері мен секцияларына назар аударды. «Жас-
тар» аллеясының қазіргі жағдайына оң бағасын берді. Қала басшылығына келер жылы көкшетаулықтар демалып, спортпен шұғылданатындай жаңа аллеяның жоспарларын жасауды тапсырды. Осы бағытта тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.
– Соңғы екі жылда Көкшетауда төрт жаңа аллея ашылды. Салған кезде қуанышымызда шек болмайды, ал, арада бірер ай өткен соң қиратып, талан таражға саламыз. Сол себепті, БАҚ және әлеуметтік желі арқылы тұрғындарға облыс орталығындағы абаттандыру жұмыстары туралы айтып, салынған нысандарды күтіп ұстау қажеттігін түсіндіру керек, – деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.
Ал, РК-2 жылу орталығында облыс әкіміне алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары баяндалды. М.Ғабдуллин көшесінің бойында облыс әкімі жаңа көпірдің құрылысы мен Абай және Ақан сері көшелерінің аралығындағы жол учаскесіндегі жөндеу жұмыстарын бақылап көрді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар