Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпкерлердің құқы заңмен қорғалады - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпкерлердің құқы заңмен қорғалады

Облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов Қазақстанның кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі өкілі Болат Палымбетовпен кездесіп, бизнестің

өзекті мәселелерін талқылады, Ақмола облысы әкімдігі мен Қазақстанның кәсіпкерлер құқын қорғау өкілі арасындағы біріккен жол картасына қол қойылды.

Кездесуге облыстық басқармалардың басшылары, Көкшетау қалалық әкімдігінің бөлім өкілдері қатысты. Жиынды ашып жүргізген өңір басшысының орынбасары Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті дамыту, оны жан-жақты қолдау жөніндегі міндеттерді айтты.
–Жыл басынан бері жұмыс істейтін кәсіпкерлер саны өскен. Олардан түсетін салық мөлшері 19 пайызға артыпты. Облыс әкімдігі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе жұмыс істеп, бірқатар жұмыстың басын қайырды,–деді Қанат Ыдырысов.
Кәсіпкерлердің құқы заңмен қорғалады. Қазақстанның кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі өкілі Болат Палымбетов өз сөзінде Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлін нығайту жөнінде айтқанын жеткізді.
–2017 жылдан бері бізге республикадағы кәсіпкерлердің құқын қорғау жөнінде 17 мың арыз-шағым түсті. Оның 46 пайызының шешімі табылды. Арыз-шағымдардың көбі жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу мен салыққа қатысты. Өткен жылы Ақмола облысының кәсіпкерлерінен 346 арыз-шағым түсіп, 145-і оңынан шешілді,–деген өкіл экономикалық қылмыс саласында әділетсіздікке жол берілетіні жөнінде айтып берді. Бүгінгі таңда кейбір қылмысты істер екі жақтың келісіміне байланысты сотқа дейін жеткізілмейтін көрінеді. Заңға өзгеріс енгізілуіне байланысты республика бойынша алты жүзден астам кәсіпкер бас бостандығын алған. Жер қатынастары жөніндегі мәлімет сайтта жарық көруі тиіс. Дегенмен, бұған көңіл аудармай отырған әкімдіктер бар. Әйтеуір оның ішінде Ақмола облысының әкімдіктері жоқ. Келісім-шартқа байланысты Ресей мен Өзбекстанда жұмыс істейтін кәсіпкерлердің құқы қорғалады. Биылғы жылы Грузиямен келісім-шарт жасалмақшы. Көлік, құрылыс пен сәулет саласында туындайтын проблемалардың көбі жергілікті атқарушы органдармен шешіледі. Біріккен жол картасы жөнінде Қазақстанның кәсіпкерлер құқын қорғау өкілеттілігінің бөлім меңгерушісі Шыңғыс Тимур айтып берді.
–Аудандарда қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін полигон мәселесі туындауда. Осыдан экологиялық заңнама бұзылады. Кәсіпкерлер бұл жағдайдан айыппұл төлеп құтылады. Бұл мәселені аудан әкімдіктері шешкені жөн. Сонда ғана айыппұл қаржысы экологиялық мәселелерді шешуге жұмсалар еді. Ақмола облыстық сәулет және құрылыс басқармасы жоба құжаттамасын сайтқа салмаған. Осының салдарынан келеңсіздіктер орын алады. Фабриканың маңында тұрғын үй салынбауы тиіс. Облыста жасалған интерактивтік карталар талапқа сай емес. Кәсіпкер құрылысты қайда жүргізетінін білмейді. Маусымдық сауданы жылжитын көліктер арқылы ұйымдастыруға болады. Бұған аудандық әкімдіктер әлі ден қойған жоқ. Өңірдегі медицина саласындағы жобаларға кедергі көбейіп отыр. Осы бағытта аудан әкімдері арасында рейтинг ұйымдастырдық,–деді Шыңғыс Тимур.
Кездесуден соң Болат Палымбетов кәсіпкерлерді облыстық кәсіпкерлер палатасында қабылдап, олардың арыз-шағымдары бойынша кеңес берді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар