Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Новопэктен» – «Қазақтелекомға» - АРҚА АЖАРЫ

«Новопэктен» – «Қазақтелекомға»

Достық үйінде өткен «Ассамблея – бірлікке бастар жол» мега-жобасының аясында «Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалына «Достық кітабын» салтанатты жағдайда табыс етті.

Шара аясында «Новопэк» өзі жеткен жетістіктерін паш етер көрме ұйымдастырып, одан жұртшылық кәсіпорын тарихы, бүгіні мен болашақ жоспарлары жайлы толыққанды мағлұмат ала алды.  Сондай-ақ, қазақ, славян, татар халықтарының  ас мәзірлері  дастарханға жайылып,  шараға келген қауым түрлі тағамдардан дәм татты.
Бірлікке бастар мега-жоба барысында сөз алған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мәрзият Тохаева мектептерден басталып, орта арнаулы және жоғары оқу орындарымен жалғасқан шараның енді мекеме кәсіпорындарда өтіп отырғандығын, онда әр ұжым достықты дәріптеудегі өз үлгісін көрсететіндігін жеткізді.  Бұдан кейін көрермендер назарына еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің рөлі жайындағы бейнефильм ұсынылды.
Осы орайда, облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов сөз алып, Қазақстан халқы Ассамблеясындай жаһанда теңдесі жоқ халықтық институт құрудағы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенділігіне тоқталды.  «Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Көкшетау филиалының төрағасы  Назим Шихалиев қазақстандықтардың балаларының болашағына сеніммен қарайтынын, оның елдегі тұрақтылықтың арқасы екендігін айтты.
Ал, «Новопэк» серіктестігінің басшысы Борис Писарев полипропилен мен полиэтиленнен жасалған  қаптамалар шығаратын  өнідіріс орны республика бойынша қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорындардың бірі болып табылатындығын тілге тиек етті. 2000 жылдары мұнда небары оннан  астам адам еңбек етсе, қазір 700-ге жуық облыс тұрғыны жұмыспен қамтылған.  Жоба аясында  серіктестікте еңбек ететін қарапайым жұмысшылар әуелете ән шырқап, мың бұрала би биледі.  Артынша кәсіпорын басшысы «Қазақтелекомның» облыстық филиалы бас директорының орынбасары – коммерциялық директор Марат Ғалымовқа осы бір игі шараны жалғастыру үшін «Достық кітабын» табыс етті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар