Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өтініш айта келді - АРҚА АЖАРЫ

Өтініш айта келді

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында облыс прокуроры Тимур Тәшімбаев бірқатар азаматтарды қабылдап, шағымдарын тыңдады.

Қабылдауға келген Краснояр селосының тұрғыны Мұрат Әлиев 2018 жылдың 27 маусымында Көкшетау-Рузаевка тас жолында (Еленовка ауылының маңында) орын алған үш адамның қайтыс болуы-мен аяқталған жол-көлік оқиғасына қатысты ашылған қылмыстық істің созылып кеткендігін, осыған орай облыс прокуроры сол істі өз бақылауына алса деген өтінішін айтты. Зеренді селосының тұрғыны Дмитрий Куликов үйді өртеу фактісіне қатысты істің тоқтап тұрғанына алаңдаушылық білдірді. Зеренді ауданының тұрғыны Бағдат Дүйсенов мал ұрлығына қатысты құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іздестіру шараларын дұрыс жүргізбейтінін айтып шағымданды. Ал Көкшетау қаласының тұрғыны Файзулла Иса «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнының қамтамасыз етпеген жылу қуатына байланысты қарызды өндіріп алу жөніндегі сот шешімімен келсіпейтіндігін айтып, бұл істің ақ-қарасын анықтауға көмектесуді сұрады.
Шағымданып келген азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдаған облыс прокуроры бұл мәселелердің бәрін бақылауға алатынын, заң шеңберінде оң шешімін табуға қолдан келгенше ықпал жасайтынын айтты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар