Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Маңызды келісімдерге қол жеткізілді - АРҚА АЖАРЫ

Маңызды келісімдерге қол жеткізілді

 

Көрікті Бурабай баурайында ТМД мемлекеттерiнің Үкiмет басшылары кеңесi мен Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің отырысы болып өтті. Кеңес мүшелерінің алдында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Кеңеске Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кәрім Мәсімов пен аталған ұйымдарға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары қатысты. Олармен Ақмола жерінде облыс әкімі Сергей Кулагин бірге болды. Келіссөздер барысында тараптар мемлекеттік мүдде тұрғысынан маңызды саналатын келісімдерге қол жеткізді.

  Алдымен, ТМД елдері Үкімет басшыларының кеңесі болып өтті. Онда достастық мемлекеттері аумағындағы өзара байланыстарды реттеуге бағытталған түрлі деңгейдегі құжат жобалары қаралып, бекітілді. Қаржы-экономикалық саласында 2020 жылға дейінгі Инновациялық байланыстарды нығайту бағдарламасы шеңберінде биыл және келер жылы атқарылар шаралар пысықталды.
Кеңес мүшелерінің алдында тікелей байланыста сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көпжақты ұтымды диалогтарды жүргізуде таптырмас алаң болып келген ұйымның әлі де қажеттігін тілге тиек етті. «ТМД әлі маңызын жойған жоқ. Ол бізге керек ұйым», – деді Мемлекет басшысы.
Ал, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында сөз алған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ТМД кеңесінде 23 аса маңызды құжатқа қол қойылғандығын, олар бойынша тиісті шешімдердің қабылданғандығын атап өтті.
Журналистер алдында ТМД атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев те сөз сөйлеп, Қазақстан Үкіметінің аппараты мен Сыртқы істер министрлігіне нәтижелі шара үшін өз алғысын жеткізді.
Кәрім Мәсімов ТМД Үкімет басшылары кеңесі мен Еуразиялық Үкіметаралық кеңес отырыс-тары ауқымында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Беларусь Премьер-Министрі Андрей
Кобяковпен әңгімеде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ ықпалдастық бірлестіктері ауқымындағы өзара іс-қимылдың қырлары талқыланды.
Ресей Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен келіссөздерде сауда-экономикалық әріптестікті дамыту мен тереңдетудің кең ауқымды мәселелері қаралды, соның ішінде экономиканың әр саласындағы нақты жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды. Ал, түстен кейін Еуразиялық экономикалық одақ кеңесі болып өтті.
Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік негізінде құрылған ЕАЭО-ға Қазақстан, Ресей, Беларусь Республикасы мүшелік еткен болса, қазір ұйым Қырғызстанмен толығып отыр. Ал, Үкіметаралық кеңес Президенттер, Жоғарғы кеңес қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалайтын орган болып табылады. Ол Еуразиялық экономикалық комиссияға нұсқаулар беріп, халықаралық шарттарда көрсетілген басқа да міндеттерді атқарады.
Артынша Үкімет басшылары этноауылды аралап, арнайы дайындалған мәдени бағдарламаны тамашалады. Мәртебелі меймандар Абылай хан ордасын тіккен қасиетті  топырақта Алаштың өткен өмірін күні бүгінгідей жарқыратып көрсететін, мәңгілік мәнін жоймайтын ұлттық дәстүрлермен танысып, өміршең өнеріне тәнті болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар