Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Арқа ажары» көтерген мәселе - АРҚА АЖАРЫ

«Арқа ажары» көтерген мәселе

Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің 2014 жылғы 24 шілдедегі №86 санында жарық көрген Қайырбай Төреғожаның «Орманның оталуына тоқтау бола ма?» атты мақаласын ұжымымызбен оқып, табиғатқа жанашыр болғандарыңызға қуанып отырмыз. Алдағы уақытта да газеттеріңізде орманды өрттен, сұғанақ қолдардан қорғау тақырыбында осындай мақалалар жарияланып тұрады деген сенімдеміз.

Ал енді, мақалада сөз болған Зеренді ауданы Ортақ ауылының маңайындағы  орманның оталу мәселесіне келсек, 2010 жылы қыркүйек, қазан айларында бұл жерлерде орман өрті шыққан болатын. Мұндайда өртте жанған орман-тоғайлар патологтармен зерттеліп, зиянкестері сау ағаштарға жұқпауы үшін Орман және аң шаруашылығы комитетінің рұқсатымен санитарлық кесу жүргізіледі. Оның барысында әр кесілетін шоқтарға діңгек қойылып, қай жылы, қандай әдіспен кесілетіні, аумағы жазылады. Егер осы шоқтарды кеспейтін болсақ, онда неше түрлі құрттар пайда болып, ағаштарды мүлдем құртып жібереді, кесілген жағдайда қайыңдардың түбірлерінен жас шыбықтар өсіп, келешекте орман болады.
Бүгінгідей нарық заманында ормандағы ағаш та күнкөріс көзіне айналып кетті. Оған себеп, ауылдардағы жұмыссыздық, тағы басқа қиыншылықтар. Шөп науқаны басталғанда Ортақ ауылынан да бірнеше тракторлар пішен дайындауға шығады. Олардың бәрі техникалық талаптарға сай деп айтуға болмайды. Кейбірінің түтін шығаратын тұрбаларының шоқ сөндіргіштері істемейтіндіктен, өрт қаупі де туындайды. Ал, мақалада сөз болған Көкшетау –Омбы тас жолының  бойындағы ағаштар жол басқармасына қарайды, сол себепті, орманшылардың ондағы автор байқаған кемшіліктерге қатысы жоқ.

Қайыржан  АХМЕТЖАНОВ,
«Бұқпа» орман шаруашылығының директоры. 

РЕДАКЦИЯДАН: Қолымызға тиіп отырған жауапта біраз жайлар  қамтылғанымен, ауыл тұрғындарын толғандырған ең басты сауал – Ортақ елді мекенінің айналасындағы ағаштардың неліктен көптеп кесіліп жатқандығы жөнінде тақа таратылып айтылмағандай әсер қалады. Орманды санитарлық тазартудың не екенін көзі ашық, көкірегі ояу халық та түсінеді. Алайда, ауылдың төңірегінде жылда бірнеше отын кесушілер бригадасының жұмыс істеуі шынымен осы мақсатты көздеген іс болса, ашына бастаған халыққа осыны түсіндіріп, мәселенің басын аша түскен жөн болар еді. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар