Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұтынушылар құқы қорғалады - АРҚА АЖАРЫ

Тұтынушылар құқы қорғалады

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филалында «Облыстық табиғи монополия субъектілерінің тұтынушылар қызметі» қоғамдық

бірлестігінің бастамасына орай, облыс әкімінің тапсырмасымен тариф құру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг мәселесі бойынша дөңгелек үстел болып өтті.

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек Баймағамбетовтың төрағалығымен өткен жиынға коммуналдық қызметтің тарифіне қатысты басқарма мен ведостволардың басшылары қатысты. Алдымен, сөз сөйлеген Қазақстан Респуб-ликасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитет департаментінің басшысы Нұрлан Жалғызбаев өңірдегі коммуналдық қызмет тарифі жөнінде айтып берді.
–Облыстық прокуратура «Көкшетау Энерго Орталығы» серіктестігін тексеріп, біршама келеңсіздіктерді анықтады. Осы орайда, су, жылу, жарық тәрізді коммуналдық қызмет тарифі төмендеді. Мәселен, тұрғындар жарықтың 100 киловатына дейін 14,99 теңге, 100-190 киловатына 18,74 теңге, 190 киловаттан жоғарыға 23,42 теңге төлейді. Тарифтің көтерілуіне жол берген «Көкшетау-Жылу» коммуналдық кәсіпорнының басшылары қызметінен босатылды. Қазір өлшеуіш құрылғы орнатылған үйдің тұрғындары
жылудың 1 гекокалориясына 139,35 теңге, құрылғысы жоқтар 2816,11 теңге төлеуде. Биылғы жылу беру маусымында жылу тарифі көтерілмейді. 2020 жылдан бастап «Көкшетау Су арнасы» серіктестігі өз тарифін төмендетейін деп отыр. Қазір тұрғындар 1 текше метр суға 73 теңгеден, кәріз жүйесінің 1 текше метр лай суына 65,32 теңге төлеуде. Бюджеттік мекемелер мен заңды тұлғалар үшін коммуналдық қызмет тарифі көтеріңкі,–деді департамент басшысы.
Одан әрі «Облыстық табиғи монополия субъектілерінің тұтынушылар қызметі» қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы Арман Садықов тұтынушылар құқын қорғау барысында тариф құру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіп, ол 124 парақты құрағанын айтты. Осы бағытта қоғамдық бірлестік өздерінің заң аясындағы сауалдарына бірқатар мемлекеттік және құқық қорғау органдарынан жауап ала алмаған көрінеді. Кейбір органдардың шығарған шешімі орындалмай отыр. Төраға қатысушыларға бірқатар заңсыздықты талқылап, әлеуметтік анкета толтыруды ұсынды. Уақыттың аздығына байланысты бұл мәселені талқылау кейінге қалдырылып, 124 парақ материал «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филалына тапсырылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар