Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көше атаулары жаңарады - АРҚА АЖАРЫ

Көше атаулары жаңарады

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысында елді мекендер мен көшелердің атауларын қайта атау мәселесі қаралды.

Комиссия мүшелері араға бір жыл салып жиналды. Өйткені, былтыр Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Аида Балаеваның хатына сәйкес елді мекендер мен көше аттарын өзгертуге тағы мораторий жарияланған болатын. Біраз үзілістен кейін бастары қосылған комиссия мүшелері бұл жолы 42 көшенің атауын өзгерту туралы мәселені қарады. Бұл туралы алдымен Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Айгүл Талпақова хабарлама жасады.
Комиссия мүшелері Зеренді, Есіл, Қорғалжын аудандарынан келіп түскен ұсыныстарға сәйкес қайта қойылатын осы көше атауларын жеке-жеке талқылауға көшкенде, жергілікті орындардың бұл мәселеге тағы да көбінесе атүсті қарағандары мәлім болып шыға келді. Мұны Айна Мысырәлімова да бірден аңғарып, ауыл сайын егіздің сыңарындай әбден жаттанды болып кеткен Достық, Бірлік, Береке, Ынтымақ, Ақжол сияқты көше атауларын басқа бір тартымды атаулармен жаңарту жөнінде орынды пікірін білдірді.
Расында, жергілікті жерлерде бұл жағынан ізденіс аз екендігі, көбіне қолға түскен атау-ды ұсына салатындықтары көрініп тұр. Соған қарамастан, комиссия отырысына қатысқан жоғарыдағы аудандардың кей өкілдері «халықпен жұмыс жүргізу қиын, жиынға шақырсақ жиналмайды, басқа ұлттың адамдары көнбей отырып алады» деп сылтау айтуға бейім. Бұлай «ұзын арқан, кең тұсауға» сала берсек, қазіргідей үздіксіз жарияланған мораторийлермен қашан елді мекендер мен көшелердің атауларын еңсеріп боламыз?!
Сонымен бірге, соңғы жылдары көшелерге қандай атаулар берілуі керегін жоғары жақ өз құзырына алған. Кісі есімдеріне мейлінше шектеу қойылған. Оның орнына жалпылама атаулар беру үрдісі ұсталынуда. Республикадан келген тізімде жергілікті жерден шыққан белгілі тұлғалар жете ескеріле бермейді.
Бұл жолы жоғарыда айтылған себептерден ономастика комиссиясының мүшелері Зеренді ауданы бойынша 12 көше ата-уын бекітпеді. Сөйтіп, бұл көше атауларын дұрыстап ойластырып, комиссияға қайтадан ұсыну тапсырылды. Қалған 29 көше атауы бірсыпыра талқылаудан кейін бекітілді. Осы орайда, Есіл ауданы мен Қорғалжын ауданының көшелерге қазақша ат таңдаудағы жұмыстары бір сыдырғы дұрыс деп бағаланды. Бұл мәселеде формализмге салынбай, халықпен жанды жұмыс жүргізу жағы көп айтылған ономастика комиссиясының ендігі осындай отырысы қашан өтетіні белгісіз. Өйткені, бұл мәселеге тағы да уақытша мораторий жарияланады деген болжам бар.
Қ. Кәкенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар