Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жергілікті өнім өндіруге, спортты дамытуға ерекше көңіл бөлу керек - АРҚА АЖАРЫ

Жергілікті өнім өндіруге, спортты дамытуға ерекше көңіл бөлу керек

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өткен сенбі күні жұмыс сапарымен Атбасар және Жақсы аудандарында болып,

бірқатар әлеуметтік-өндірістік, құрылыс нысандарының жұмысымен танысты, сондай-ақ, Жақсы селосындағы Тұрсынбек Уәлиев атындағы спорт мектебінде өтіп жатқан Қазақстан бокс федерациясының кубогінің ширек финалдық ойындарының ашылуына қатысып, құттықтау сөз сөйледі және үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттады.

Облыс әкімі алдымен Ақан Құрманов ауылындағы «Атбасар майы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күнбағыс майын шығаратын зауытында болды. Құрылтайшысы «Атбасарская нива» серіктестігінің бас директоры Бақытжан Қожықовтың айтуынша, кәсіпорын өткен жылдың күзінде ашылған. Жобаның құны 808 миллион теңгені құрады. Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 6 тонна май өндіруге мүмкіндік береді. Дайын өнім аудан аумағында жəне облыс орталығы мен Астананың сауда нүктелеріне жеткізілуде. Кәсіпорында он жеті адам еңбек етеді. Шикізат, яғни, күн бағысты өздері өсіреді, сырттан ештеме сатып алмайды.
– Біздің кәсіпорынның артықшылығы, ол қалдықсыз жұмыс істеуінде. Күн бағысты өзіміз өсіріп, баптаймыз. Кейін кептіріп, өңдеп барып қана одан май аламыз. Майымыздың сапасы жоғары. Табиғи, еш қоспасыз өндіріледі. Тіпті, күнбағыс дәнінің қабығын өңдеп жақын маңдағы құс шаруашылықтарына жемазық ретінде сатамыз, – дейді Бақытжан Қожықов.
Бүгінгі таңда осы ауылдағы орта мектепке де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған мектеп директоры Елена Герасименконың облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың әлеуметтік желідегі парақшасына жазған өтініш-тілегі арқау болыпты. Мектеп директоры облыс әкіміне білім ордасының жағдайын айтып көмек сұраған. Облыс әкімі өз кезегінде үш ауылдың балалары білім алып отырған аталмыш мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма береді. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 29 миллион теңге қаржы бөлініпті. Қазіргі кезде, мектептің жылу, су, кәріз жүйелері жаңартылып, терезелері ауыстырылуда.
Жөндеу жұмыстарымен танысқан облыс әкімі жұмысты ширатып, жыл соңына дейін аяқтауды және жергілікті атқарушы органдарға мектептің материалдық-техникалық базасын нығайуды тапсырды. Сонымен қатар, мектеп маңын абаттандыру қажеттігін де атап өтті.
Атбасар қаласында аграрлы-индустриалды колледжі мен заманауи энергия үнемдегіш ЛЭД шамдарын шығаратын «Атбасар Технопарк» серіктестігінің өндіріс цехында болды. Осы орайда, аудан әкіміне мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде қаланы жарықтандыруды қолға алуды тапсырды. Ал, ауданаралық көпбейіңді аурухананың терапия, хирургия бөлімшелерін аралап көріп, науқастардың жағдайын сұрап білді. Жалпыреспубликалық «#Birge #JasylQazaqstan» экологиялық акциясына қатысып, атбасарлықтармен бірге ағаш көшеттерін отырғызды. Облыс басшысы шараның экологиялық мәдениетті сақтаудағы маңыздылығын атап өтті.
– Қазіргі мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ресурстарды тиімді пайдалану. Осы мақсатта бүгін бүкіл республика бойынша дәстүрлі түрде көгалдандыру акциясы өтуде. Бұған ақмолалықтар да бір кісідей атсалысуда, – деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.
Аудан орталығының санитарлық жағдайына назар аударған облыс әкімі бірқатар үйлердің ауласында үйілген қоқыстарды аралап көріп, аудан басшылығына қала тазалығын ретке келтіруді тапсырды. Аудан әкімі Аманбек Қалжанов атап өткендей, қалада бей-берекетсіз тасталған тұрмыстық қалдықтардан тау болып үйіліп жатқан 18 қоқыс орны болған. Әкімдік тарапынан қолға алынған шаралардың нәтижесінде бүгінгі күні оның бесеуі ғана қалған. Жақын күндері бұл тұрмыстық қоқыстардың барлығы тазаланып, сыртқа шығарылмақшы.
– Қаланың санитарлық жағдайы өте күрделі. Тәртіпке келтіру керек. Қоқысқа арналған жәшіктерді қойып, тұрғындармен қоқыс тазалау бойынша келісім-шарт жасау қажет. Қаланың орталығы мен көшелерінің тазалығына мән беріліп, абаттандыру жұмыстары қолға алынуы тиіс, – дейді Ермек Маржықпаев.
Бұдан кейін облыс әкімінің сапары Жақсы ауданында жалғасты. Аудан орталығында жаңадан салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үй құрылысы алаңын аралап көрді және Тұрсынбек Уәлиев атындағы спорт мектебінде өтіп жатқан Қазақстан бокс федерациясының кубогінің ширек финалдық ойындарының ашылуына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
– Бүгінгі жарысқа қатысып отырғаныма қуаныштымын. Қасиетті Жақсы жерінен талай спорт саңылақтары түлеп ұшты. Бүгінгі осындағы спорт мектебі әлі талай мықты спортшыларды тәрбиелеп шығаратынына сенімдімін. Жақында осында жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та еліміздің дені сау келешек ұрпағын тәрбиелеудегі жұмыстарға оң бағасын берген болатын», – дей келе, облыс әкімі Ермек Маржықпаев халықаралық және республикалық жарыстарда жүлделі орын алып, облыстың абыройын асқақтатып жүрген үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды ақшалай сыйақымен марапаттады.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар