Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолақысы енді көлік картасымен төленеді - АРҚА АЖАРЫ

Жолақысы енді көлік картасымен төленеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Көкшетау қаласындағы қоғамдық көлікте электрондық билеттеу жүйесін енгізу және тарифті белгілеу жөнінде брифинг болып өтті.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Александр Рублевскийдің айтуынша, жоба мемлекеттік жекеменшік тетігі бойынша «Ыңғайлы бағыт» қоғамдық бірлестіктің консорциумында қазақстандық «KazInterSoft» cеріктестігінің жекеменшік қаржылық бастамасы бойынша жүзеге асырылды. Жүйе қоғамдық көлікте жолақыны төлеуді ұйымдастыруға және есептеуге, жолаушы саны мен кәсіпорынның кірісі жөнінде мәлімет жинауға және талдауға бағытталған. Жолақы қолма-қол ақшамен немесе электрондық картамен төленеді. Ақшасыз төлем жасау үшін көлік, мектеп және жеңілдік карталары пайдаланылады. Келешекте жолақыны төлеудің қосымша әдістерін енгізу жоспарланған. Бүгінгі күні жүйені құру жөніндегі барлық шаралар аяқталып, жүйенің өзі пайдалануға берілді. Бұл жүйе бюджетке түсетін салықты көбейтуге, тарифті бекіту және тасымалдаушының шығынын субсидия-
лау жөнінде шешім қабылдау кезінде тасымалдаушының шығыны мен кірісін есептеуге өз септігін тигізеді.
Брифинг барысында Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Сағындық Шабаров бұл электрондық жүйе қалаішілік автобустарға биылғы жылдың 1 қарашасынан бастап енгізілетінін айтып берді.
–Жолақымен көлік картасы арқылы есеп айырысатын ересектер 80 теңге, балалар 40 теңге төлейді. Мұндай картасы жоқ ересектердің жолақысы 150 теңгені, балалардың жолақысы 70 теңгені құрайды. Көкшетау қаласындағы қоғамдық көлікте 15 санаттағы қала тұрғындары жеңілдікпен жүре алады,–деді қала әкімінің орынбасары.
«KazInterSoft» серіктестігінің директоры Мұрат Тұрысбеков көлік картасының құны 400 теңгені құрайтынын, картаны белгіленген дүкендерден сатып алуға болатынын айтты.
«KoksheBusTolem» серіктестігінің директоры Мәулен Тақыров өз сөзінде көлік картасына ақша салу әдісін айтып берді.
– «Qiwi» терминал желісі арқылы көлік картасының балансы толтырылады. Алдымен, «қызметке төлеу», одан әрі «көлік және туризм», сосын «KoksheBusTolem көлік картасын» таңдап, картадағы көрсетілген нөмірді енгізесіз. Енгізілген деректерді растап, қажетті соманы салып, «төлеу» тетігін басасыз. Баланс туралы ақпарат көлік картасы арқылы жолақысын төлегеннен кейін 24 сағат ішінде картаға түседі. Картаны толтыру үшін комиссия алынбайды,–деді Мәулен Тақыров.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар