Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ежелгі қарым-қатынас одан әрі нығаяды - АРҚА АЖАРЫ

Ежелгі қарым-қатынас одан әрі нығаяды

Форумға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев бастаған ақмолалық делегация да қатысып, Бурабай және Зеренді

курорттарына ресейлік туристерді тарту, баламалы энергия өндіру, сауда байланысын дамыту сияқты бірқатар мәселелерді талқылады.

Форумда екі ел Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Омбыдағы екіжақты кездесуде мемлекеттер арасындағы қатынастарды дамытудағы Өңіраралық ынтымақтастық форумдарын өткізудің маңыздылығын атап өтті.
– Біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев пен сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында бұл механизм толықтай іске қосылып, өңіраралық форум аймақтық деңгейде өзара әрекеттесудің тиімді құралы ретінде өзін жақсы жағынан көрсетті. Біздің елдеріміздің өңірлері арасындағы тауар айналымы – жалпы сауданың 10 пайызынан асуы айтарлықтай жетістік. Бұл көрсеткіштің өсіп келе жатқанын атап өту керек, – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы өз сөзінде өндірістік кооперация мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықта үлкен жетістіктерге қол жеткізілгенін айтты.
– Өз тарапымнан бұдан да жоғары нәтижеге жету үшін күш салатын боламын. Өңіраралық ынтымақтастық форумы өте тиімді, жемісті, әрине, оны болашақта дамыту үшін бар мүмкіндікті пайдалануымыз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде Ресей Президенті Владимир Путин өңіраралық ынтымақтастық форумы – бұл Қазақстан мен Ресейдің аймақтарын біріктіретін дәстүрлі шара екенін атап өтті.
– 2003 жылы форум дәл Омбыда басталған еді. Бұл тұрғыда бүгінгі кездесудің белгілі бір дәстүрлі сипаты бар. Біздің елдер арасындағы қатынас табысты түрде бекіп келеді. Өткен жылы тауар айналымының өсімі 14 пайызды құрады. Инвестициялар да өсіп келеді. Енді бұл туралы көбірек сөйлесуге мүмкіндік аламыз. Біз үнемі кездесіп тұрамыз. Дегенмен, әрқашан ерекше назарымызды талап ететін тақырыптар баршылық, – деді Владимир Путин.
Форумда «жасыл экономиканы» және өңірге инвестиция тартуды дамыту шеңберінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен Ресейдің «ХЕВЕЛ» компаниясының «Авелар Солар Технолоджи» жауапкершілігі шектеулі қауымдастығының бас директоры Игорь Шахрай арасында қуаты 100 МВт болатын күн электр стансасын салу туралы келісім-шарт жасалды. Электр стансасы 2020 жылы іске қосылған кезде энергия өндірісінің үлесі 40 пайызға артып, сондай-ақ, қоршаған ортаға зиянды газдардың бөлінуі азаятын болады.
Сонымен қатар, Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Омбы облысының Өнеркәсіп, байланыс, цифрлық және ғылыми даму министрлігі арасында екжақты әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл екі облыс арасындағы келісім екіжақты кәсіпорындар арасында сауда және экономикалық байланысты нығайту мүмкіндік бермекші. Ал, жаңа туристік өнімдер енгізу және аталмыш саланы дамыту бойынша шараларды бірлесіп жүзеге асыру туралы «Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығы мен «Казкурорт» компаниясы басшыларының арасында меморандумға қол қойылды.
Кездесуде екі жақ туристік бизнесті жетілдіру әрі оған қолдау көрсету саласында тәжірибе алмасу, туристік саланы дамытуға бағытталған қазақстандық және ресейлік кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайтын іскерлік ақпаратпен бөлісу, мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру және тағы басқа мәселелер де назардан тыс қалмады.
Бұдан бөлек ресейлік туроператорлардың Ақмола облысының Бурабай және Зеренді курорттарына ресейлік туристерді тарту туралы мәселе талқыланды. Осы ретте, облыс әкімі Ермек Маржықпаев ресейлік әріптестерімен кездесуінде екіжақты байланысты нығайтуда туризм саласы зор серпін беретінін атап өтті.
– Бурабай курортында демалушылардың басым көпшілігі ресейлік туристер. Біз Бурабайдан бөлек, Зеренді курортты аймағын дамытуды да қолға алдық, – деді облыс әкімі.
Кездесуде айтылғандай, Бурабай курорты соңғы 10 жыл ішінде ресейліктер үшін үздік бестіктің қатарында болып отыр. Росстат деректеріне сүйенсек, өткен жылы Бурабай аймағы Ресей туристерінің арасында ТМД аумағындағы ең танымал курорттарының тізімін бастаған.
Форум шеңберінде ұйымдастырылған көрмеде көрші екі мемлекеттің әр саладағы жетістіктері кеңінен ұсынылды. Ақмола облысынан барған делегация Бурабай және Зеренді курортының демалыс орындары мен туристік нысандары, отандық өнімдер шығаратын кәсіпорындар туралы ақпарат ұсынды.
Келер жылдың күзінде мұндай форум Көкшетау қаласында өтеді деп күтілуде.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар