Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
- АРҚА АЖАРЫ

Кеше облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік Кореяның Төтенше және өкілетті елшісі

Ким Дэсик пен консул Тэ Кен Гонды қабылдап, екіжақты әріптестік, сауда-экономикалық байланыс-тарды одан әрі дамыту және инвестиция тарту мүмкіндіктерін қарастырды.

Ақмола облысы мен Оңтүстік Корея елі арасында әріптестік байланыс еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастау алады. Сол уақыттан бері осы елмен сауда-экономикалық байланыс тұрақты дамып келеді. Бүгінгі күні облыс аумағында кәріс халқының салт-дәстүрі, мәдениеті және тілін дамытып отырған «Чинсон» кәріс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Жылы шырайлы өткен кездесу барысында екі ел арасындағы туризм, медицина, ІТ технология, агроөнеркәсіптік сектор мен сауда-экономикалық мүмкіндіктер кеңінен сөз болды. Кездесуде облыс әкімі Ермек Маржықпаев Ақмола өңірінде туризм, өнеркәсіп, аграрлы сала жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын айта келе, Оңтүстік Корея сияқты мемлекетпен арадағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға, инвестиция тартуға дайын екендігін мәлімдеді.
– Ақмола облысы экономикасының қай саласын алсақ та мүмкіндігі зор. Облыс ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм салалары бойынша республикада алдыңғы орында. Еліміздегі астық пен алтынның үштен бірі біздің облысымыздың үлесінде. Сіздердің елдеріңізде медицина және ІТ технологияның дамығанын білеміз. Сондықтан, біз сіздермен өңірімізге инвестиция тартып, осы айтылған салалар бойынша әріптестікті дамытуға, әсіресе, табиғаты әсем Бурабайда медициналық туризмді жолға қоюға мүдделіміз, – деді Ермек Маржықпаев.
Өз кезегінде Оңтүстік Кореяның елшісі Ким Дэсик Ақмола жеріне келгеніне қуанышты екенін, мұндағы халықтың тұрмыс жағдайы жақсарып, елді мекендердің дамып келе жатқандығын байқағанын атап өтті. Сонымен қатар, елші Бурабай курортында болып, әсем табиғат аясында демалғанын және осында Оңтүстік Корея бизнесмендерін шақыратынын атап өтті. Оның сөзінше, Оңтүстік Корея елінде Ақмола облысының көрікті жерлері туралы көпшілік біле бермейді екен. Сондықтан, алдағы уақытта туризмнен бөлек, медицина, ІТ технология, өңірдің ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларындағы мүмкіндіктерін паш ететін бірлескен жобаларды қолға алуды мақсат тұтып отыр.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар