Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауқымды жобалардың бірі болады - АРҚА АЖАРЫ

Ауқымды жобалардың бірі болады

Өткен бейсенбі күні облыс әкімі Сергей Кулагин «Масаль тау-кен байыту комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  директоры Рүстем Қуанышбаевты қабылдады.

Кездесу барысында Жарқайың ауданы аумағындағы осы кен орнының негізінде салынатын металлургиялық комбинаттың құрылысына қатысты мәселелер талқыланды. Бұл жоба Қазақстанның металлургия саласындағы ауқымды жобалардың бірі болып табылады. Комбинатта жылына 1-1,2 миллион тонна  жоғары маркалы болат шығару жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру  барысында 750 адам, ал, комбинат іске қосылатын 2021 жылы шамамен 4500 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілетін болады.  
Аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін биылғы жылдың  қаңтар айында Пекин қаласында екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Мамыр айында қытайлық мамандар облысымызға жұмыс сапарымен келіп, кен орнымен танысып кетті. Бір атап өтетін жай, металлургиялық комбинаттың құрылысы Қазақстан  мен Қытай  елдерінің үкіметаралық басым жобалар тізіміне енген.
Облыс әкімі тарапынан еліміздің ішкі қажетке және экспортқа жоғары сапалы болат өнімдерін шығарумен ерекшеленетін бұл комбинат құрылысына ерекше көңіл бөлініп отыр. Кездесу барысында Сергей Кулагин аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар, тұрғын үй қоры саласы, кадрлық қамтамасыз ету, инфрақұрылым болсын, барлық жағынан жан-жақты көмек-қолдау көрсететінін баса атап өтті.  
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар