Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары! - АРҚА АЖАРЫ

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Ақмола облыстық әкімдігі ағымдағы жылдың қыркүйек және қазан айларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының облыстық тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін бюджеттен қаржы бөлді.

«Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»  АҚ мамандандырылған ұйымы өңірлік тұрақтандыру қорына бірінші сұрыпты бидай ұны, қарақұмық жармасы, күріш, сары май және күнбағыс, картоп, сәбіз сияқты азық-түлік тауарларын сатып алды.

Көкшетау қаласында бағаны тұрақтандыру және оның негізсіз өсуін болдырмау үшін «Қамқор» коммуналдық павильонында
28 қарашадан бастап Ақмола облысының тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарлары сатыла бастады. Қазіргі уақытта мұнда сатылып жатқан  қарақұмық жармасының бір келісі 267 теңге, күріштің бір келісі 280 теңге, ал, күнбағыс майының бір литрі 380 теңге тұрады.

Жақын арада тұрақтандыру қоры есебінен сары май, картоп, сәбіз де сатыла бастайды. Бұл өнімдердің бәрі бір келіден өлшеніп салынған күйінде сатылады.

Павильон таңертеңгі сағат 9.00-ден кешкі 19.00-ге дейін жұмыс істейді.  Демалыс күні  – дүйсенбі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар