Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрылысқа бақылау болса, сапасы да дұрыс болады - АРҚА АЖАРЫ

Құрылысқа бақылау болса, сапасы да дұрыс болады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Бақытбек Оспанбеков атқарылған жұмыс және алда тұрған міндеттер жөнінде айтып берді.

Басқарманың жұмысы сәулет, қала құрылысы және жалпы құрылыс саласындағы талаптардың бұзылуына және заңсыз құрылыстың жолын кесуге бағытталған. Нормативтік мерзімде орын алған немесе қалпына келтірілмейтін заң бұзушылыққа жол берген заңды және жеке тұлғалар мен лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шаралар қолданылады.
– Нысан құрылысы үрдісін технологиялық сүйемелдеу кезінде мемлекеттік нормативтер мен құрылыс нормалары талаптарын сақтамау, атқарушы құжатты дұрыс жүргізбеу, мемлекеттік сәулет-құрылысқа бақылау жүргізетін органдардың ескертуінсіз, сондай-ақ, техникалық және авторлық қадағалаудың сүйемелдеуінсіз әрі жобалық құжатсыз нысандардың құрылыс-монтаж жұмысын бастау тәрізді кең таралған заңнама бұзушылықтар анықталады,–деген Бақытбек Оспанбеков жыл басынан бері басқарма атына «Е-лицензиялау» электрондық-цифрлық порталы арқылы құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы жөнінде 962 хабарлама түскенін айтты.
Ағымдағы жылдың 10 айындағы тексеріс нәтижесінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманың бұзылуы туралы жалпы сомасы 40,9 миллион теңгенің 238 хаттамасы рәсімделді. Ведомство басшысы «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 632 бұйрығымен нысанды пайдалануға қабылдау актісінің және сәйкестік туралы декларацияның нысанына өзгерістер енгізілгенін, нысан 12 және 13 тармақтармен толықтырылғанын атап өтті. Сәйкестік туралы декларация мердігер құрылысы аяқталған нысанның атқарылған жұмыстарының бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат.
– Енгізілген өзгерістерге сәйкес, сәйкестік декларациясы ғимараттың шу оқшаулауы жобаға сәйкес келуі және халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы тармақтармен толықтырылды, бұл халықты әлеуметтік қорғау органдарымен расталады. 12-тармақ бойынша адамдар денсаулығына шудың теріс әсерін болдырмау мақсатында дыбыс деңгейін зертханалық өлшеуді жүргізу тек тұрғын үй-жайларда жүргізіледі және «Ұлттық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны тәрізді аккредиттелген зертханалармен жүзеге асырылады. 13-тармағы бойынша халықты әлеуметтік қорғау органдары, жергілікті атқарушы органдардың облыстық, республикалық маңызы бар қала, қалалық, аудандық басқармалары (бөлімдері) жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармалары келісімдейді. Ақмола облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына 64 лицензия және 113 сарапшы аттестаты берілді. Жобаларды басқару бойынша аккредиттеу туралы куәлік алу үшін 2 өтініш беруші жүгінді, қарау қорытындысы бойынша оларға куәлік берілді,–деген басқарма басшысы журналистер сауалдарына жауап берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар