Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетау ұмытпайды дара ұлын - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетау ұмытпайды дара ұлын

Ақын-сазгер, журналист
Маман Ементаевтың рухына арнаймын.

Ақан сері ән салған даласында,
Үкілі Ыбырай «Гәккулеткен» саласында.
Жыр жампозы Кәкімбектей Айыртауда,
Туыпты Маман Баймақ баласы да.

Өнер қуған әулеттен жаратылған,
Желтоқсанда туыпты Маман ағам.
Ызғары мол суықта туса дағы,
Жүрегі кең, пейілі ыстық болған.

Сүйкімді, тебіреністі жырларынан,
Жан-дүниені баурайтын ән тараған.
Туған елге арналған вальстері,
Көкшенің аспанында қалықтаған.

Бала кезден өлеңді сүйіп өскен,
Әнші әке отбасында ғұмыр кешкен.
Алматыдан жоғары білім алып,
Табысты журналистік ұлы көшпен.

Ұшқыр ой, білімпаздық қасиеті,
Оқырман көпшілікті тәнті етті.
Ол жазған очерк, өлең, мақалалар,
Газетте жайнататын небір бетті.

Ойламады Маман аға бастың қамын,
Ойлады одан гөрі халық қамын.
Айтыстың өшпеуіне ат салысып,
Оркестр құрды нық ұстап домбырасын.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» дейді қазақ,
Бұл сөздің астары бар сондай ғажап.
Кейінгі толқын – жастарға қамқор болып,
Жас буынды ақындыққа жүрді баулап.

Шоқ жұлдызы биікте жанып тұрған,
Ары мен жаны таза мөлдір судан.
Сегіз қырлы, бір сырлы Ер, Азамат,
Әр ісімен туған елді қуандырған.

Құлай сүйген Үкіжандай асыл жарын,
Бірге татқан махаббаттың шырын балын.
Жиырма бес жыл Үкіжан Маманының,
Бойтұмар ғып ұстаған кітаптарын.

Асылдың тұяқтары Асқар, Қанат,
Әке жолын тұратын биік санап.
Жанна мен Жазира да өнерлілер,
Әкенің қасиеті бойға тарап.

Туған ел ұмытпайды ақын ұлын,
Оған куә Айыртауда болған жиын.
Бір көшенің аты бар Саумалкөлде,
Паш еткен дара ұлды жұртқа дүйім.

Артында ұмыттырмас ізі қалып,
Ақынын есте сақтар бүгін халық.
Мамандай ардақтылар көптеу болса,
Қазағымның өрлейтіні айдан анық!

Нұржамила ӘЛІБЕКОВА.

Карасевка селосы,
Айыртау ауданы,
Солтүстік Қазақстан облысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар