Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Суретшiнiң олжасы - АРҚА АЖАРЫ

Суретшiнiң олжасы

Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы көркемсурет академигі, көкшетаулық суретші Дулат Қоспанов жуырда Кипр Республикасында шығармашылық сапармен болып келді.
Бұл сапарда Қазақстаннан барған делегация құрамында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан онымен бірге тағы үш суретші болды. 2020 жылы Кипрдің Ерган қаласында «Түрксой» музейі ашылмақшы. Музей түркі халықтарының екі мың экспонатының басын құрайтын болады.
Жерлес суретші бұл сапарға өзінің «Қыз қуу» және «Темір жол» атты екі туындысын алып барды. Сол жерде 20 күндей болып, «Абылай хан», «Оқжетпес» (триптих) және «Қонақжайлылық» деп аталатын суреттерін салды. Бұл жеті картинаның бәрі болашақта ашылатын музей қорына қабылданды.
–Музейдің ұйымдастырушысы әрі қаржы бөліп, құрылысын жүргізуші, негізі түркілік Суат бей сол елдегі ірі кәсіпкерлердің бірі болып табылады. Осы жолы, әсіресе, Көкше жерінде 48 жыл хандық құрған қазақтың ұлы ханы Абылай ханның бейнесін жасап, оны болашақта әлемдік деңгейдегі мәдени орындардың біріне айналатын осы музейдің қорына тапсырғанымды өзім үшін үлкен мәртебе санаймын,–дейді суретші бізбен әңгімесінде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар