Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғындар сөзі бір басқа, ауыл әкімінің жауабы бір басқа - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғындар сөзі бір басқа, ауыл әкімінің жауабы бір басқа

Редакциямызға өтінішпен келген Зеренді ауданындағы Қызылегіс ауылының тұрғыны Қонай Демисинов өз елді мекеніндегі су, жарық және жол мәселесі жөнінде айтып берді.

Бүгінгі күні алпыс шақты түтіні бар Қызылегіс ауылында 250 адам тұрады. Ауыл тұрғындарына негізгі мектеп қызмет көрсетеді. Ауылдың егіс алқаптарында «Новая эра» мен «Зеренді астық» серіктестіктері мен 4 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, 1 шаруа қожалығы мен 2 жеке кәсіпкер мал шаруашылығымен айналысады. Бірақ, олар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде ұмытқан тәрізді. Әйтпесе, ұңғыма қазу, электр желісін тарту, жолды қардан тазалау мәселелері туындамас еді. 2003 жылы Зеренді ауданының бұрынғы әкімі Ербол Сағдиевтің Қызылегіс округінің тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуінде жол бойына қар тоқтату үшін ағаш көшеттерін отырғызу мәселесі көтерілген екен. Белгісіз себептермен жол бойына ағаш көшеттерін отырғызу жұмысы 2006 жылға дейін алға баспаған көрінеді.
Кейін бұл жұмыс округтің бұрынғы әкімі Теміртас Ахметбековке жүктеліпті. Ауыл тұрғыны Қонай Демисинов бұл жұмысқа өзі араласып, соқалы техникасымен көшет отырғызатын жерді жыртқан екен.
–Кейін мұнда қар тоқтатуға жарамайтын аласа жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды. Олар суарылмады, маңайы қоршалмады. Соның салдарынан, көбі өспей қалды, өзгесін Көктерек ауылының жылқылары жермен жексен етті. Нәтижесінде 6 шақырым жол бойындағы ағаш көшеттеріне бөлінген бюджеттің қаржысы желге ұшты. Осы бағытқа тағы да бөлінген 200 мың теңге қайда жұмсалғанын білмейміз. Жылда жолдың осы тұсын қар алып, ол уақытында тазаланбағандықтан, жол қозғалысы тоқтайды. Тұрғындардан жанар-жағар майға ақша жиналғанша, жұрт жол азабын апталап тартады. Округ әкімі Теміртас Ахметбеков өзінің жұмысы жөнінде ауданға жалған есеп беріп, тұрғындарды 2016 жылға дейін біраз сергелдеңге салды. Ағаш көшеттері отырғызылған алқапты өзінің шабындық жеріне айналдырды. Бұдан соң Еркін Байкенов округ әкімі болып, бұрынғы әкімнің 11 жылда атқара алмаған жұмысын жарты жылда атқарды. 2018 жылы округ әкімінің сырқаттанып қалғанын, аудан әкімінің жиі ауысатынын пайдаланып, Теміртас Ахметбеков өзінің ұлы Талғат Ахметбековты тұрғындардың сайлауынсыз-ақ, округ әкімі етіп тағайындатқызды. Қазір ол тұрғындарды жүре тыңдап, шөптің басын сындырмай жүр,–дейді ауыл тұрғыны Қонай Демисинов.
Жас әкім тоған мәселесіне де назар аудармайды екен. Осының салдарынан жаз бойы қоғамдық мал үшін су мәселесі туындапты. Уланған суды ішкен бірнеше ұсақ мал өлген көрінеді. Қонай Демисинов және тағы он шақты отбасы ауылдың шетінде тұрады. Жаз айларында ауылдың табыны осы маңнан өріске шығарылады, кешке де осы жақтан келеді. Құдық қазылса, өріске бара жатқан және келе жатқан малдар судан шөлін қандырар еді. Яғни, бұл жерден ұңғыма қазған жалғыз Демисиновқа емес, бүтін ауыл тұрғындарына пайда келтіретіні анық.
–Ауылда үш қоғамдық құдық бар. Біреуінің маңында алқапты химиялық әдіспен өңдейтін ауыл шаруашылығы техникалары тұрады. Әлгі дәрі-дәрмек сумен ағып құдыққа құйылуда. Оны айта-айта тұрғындар шаршады. Аязды және боранды күні малды дірдектетіп құдыққа апару қиынның қиыны. Екінші құдықтың қолмен жұмыс істейтін су сорғышы мәселе тудыруда. Жұрт мыңдаған литр суды қол су сорғышы арқылы алады. Мұндағы 100 метр жерге екі бағана орнатып, электр желісін тартып, су сорғыш орнату керек болатын. Оған әкелі-балалы әкім мойын бұрмай отыр. 1998 жылы қазылған төртінші құдық жарамсыз болып қалды. Оны қайтадан қазуға 500 мың теңге бөлінген. Бұл сома жобаны жүзеге асыруға жетпеген соң кері қайтарылған екен. Осының салдарынан Дүйсен Ақытхан мен Қонай Демисинов сияқты малды көп ұстайтын жұрт жапа шегуде,–дейді ауыл тұрғыны Оразбай Итжанов. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының су, жарық пен жолдың зардабын тартып отырғаны жөнінде Хабаркелді Рақымжанов пен Бақыт Бексейітова айтып берді.
–Көшеге жарық тарту үшін аудандық бюджеттен бірнеше мәрте қаржы бөлінді. Бірақ, бұрынғы бағана мен электр желісі болса да, жарық орнату жұмысы толық жүзеге асырылмады. Теміртас Ахметбеков тек қана өзі тұратын көшеге жарық орнатты. Өзге көшелердің бойында жарық болмағандықтан, түнде жабайы аңдар ауылға кіреді,–деді ауыл тұрғыны Мүбәрәк Уахитов. Ауыл тұрғындарының мәселесімен аудан әкімі Ба-
уыржан Ғайсаның қабылдауында болдық. Кейін ол Қызылегіс ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиында ауыл тұрғыны Қонай Демисиновтың қыс айларында көлік жолын қардан кім тазалайтыны және М.Мәметова көшесіне ұңғыма қазу қажеттігі жөнінде қойған сауалына округ әкімі Талғат Ахметбеков жауап берді.
–Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Новая Эра» серіктестігі ауыларалық және ауылішілік көлік жолдарын қардан тазалайды. Бұл бағытқа бір К-700 тракторы мен жанар-жағар май бөлінді. Биылғы жылы ауыл тұрғындарының, аталмыш серіктестіктің және ауыл округі әкімдігінің күшімен үш қоғамдық ұңғымаға жөндеу жұмысы жүргізілді. Ауыл тұрғындары үйлерінің маңында 17 ұңғыма бар. Сондықтан, тұрғындар тағы бір ұңғыма қазудың қажеті жоқ деп шешті,–дейді округ әкімі бізге жіберген жауабында.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар