Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауқымы кең архив қызметі - АРҚА АЖАРЫ

Ауқымы кең архив қызметі

Архив және олар сақтайтын архивтік құжаттар – қоғамның мәдени жадының, адамзаттың тарихи мұрасының ажырамас және маңызды бөлігі. Архив құжаттары – өткен оқиғалар туралы баға жетпес ақпарат қоймасы. Бұл қызмет қазіргі және болашақ үшін айрықша маңызды рөл атқарады.

Өткенді ұғыну, тарихи дамудың объективті көрінісін жасау және өткеннің тәжірибесін практикалық қызметте пайдалану біздің заманымыздың қоғамдық санасы мен ғылыми мәдениетінің даму үрдісіне қозғау салып отырады. Сондықтан, архивтік жұмысқа және ретроспективті құжаттық ақпаратқа деген қызығушылық үнемі арта түспек.
Бұл қазіргі қолданыстағы мемлекеттік архив желісінің даму үрдісін жетілдіре түсуде. Өйткені, аталған қызмет, кеңестік жүйедегідей, азаматтардың туған жылын анықтау, еңбек өтілін белгілеу, тағы басқа мәселелермен шектелмейді. Бүгінде барлық тілек білдірушілер архивтердің оқу залдарына еркін кіріп, бос шежірелерді құрастырып, оларды қызықтыратын мәліметтерді іздестірумен айналыса алады. Көптеген архив қорлары ортақ пайдалану үшін ашық екендігін де еске саламыз. Мұндай жұмыс мүмкіндігінің өзі бірыңғай мемлекеттік архив қоймалары шегінде құжаттарды шоғырландырумен қамтамасыз етіледі. Бұрын мұндай жағдайлар қарастырылмаған еді.
Архивтердің қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығын қайта бағалау қиын, өйткені, архившілердің қызметіне жүгінбеген адамның табылуы екіталай. Архивтерде еліміздің тарихы бойынша құнды ақпараттар, ресми құжаттар, оқиғалар желісі, мемлекеттің дамуындағы айтулы кезеңдер деректері жинақталған. Архив ісінің даму деңгейі тарихи таным процесіне әсер етеді, бұл өз кезегінде, қоғамдық сананың жоғарылауын қамтамасыз етеді және қазіргі заманғы әлеуметтік үрдістің өзін-өзі сәйкестендірілуіне ықпал етеді.
Архив қызметінің көптеген буыны осы кәсіптің басты бағыттарын жасап үлгерді. Олардың негізгі міндеттері – құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, оларды жинау (жинақтау) және ғылыми жүйелілікте пайдалану.
Өткен кезеңнің бай қазынасы мен бүгінгі күннің құнды деректерін келер ұрпаққа жеткізу, ғылыми айналымға қосу ісі жаңа шешімдерді талап етеді. Өйткені, архив құжаттарын сол күйінде сақтап қалу барған сайын күрделене түсуде. Қағаз қоршаған ортаның әсеріне төзімсіз, сондықтан қағаздағы құжаттарды цифрландырылған түрге айналдыру басты міндет саналады.
Архив – мемлекеттің кешегі және бүгінгі тарихының сақтаушысы. Ұлтымыздың кешегісі мен бүгінін құрайтын құнды құжаттарды болашақ ұрпаққа аманат ету міндеті мұрағатшыларға сеніп тапсырылған. Осы орайда, Елбасы бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сала қызметін жаңа деңгейге көтеру уақыт күттірмейтін келелі іс екендігі айқын.
Назира Исенова,
Ақмола облысы мемлекеттік архивінің бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар