Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Инвестиция көлемі өсе түсті - АРҚА АЖАРЫ

Инвестиция көлемі өсе түсті

Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қайыржанов өңірлік коммуникациялар қызметіндегі есебіне бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызығушылық танытқанына қуаныштымын» деген сөздермен бастады. Шындығында, іргелі аудандағы игі істер көңіл аударарлықтай.

Ауданда Елбасының «Қазақстан – 2050» даму Стратегиясының және Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеудің негізі» Жолдауындағы «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға басымдық беріледі. Мұндағы мақсат еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту мен қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынасты тиімді әрі сындарлы деңгейге жеткізу болып табылады. Жыл қорытындылары бұл ұмтылыстардың табыстылығын байқатады.
Ақкөлдіктер 2019 жылы 4 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірген. Бұл өткен жылмен салыстырғандағы нақты көлем индексінің 132,5 пайыздық көрсеткіші. Әкім мұны облыстың кәсіпкерлікті қолдау Картасына 6 миллиард теңгені құрайтын бес жоба еніп, 200-ден астам тұрақты жұмыс орнының құрылуымен байланыстырды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 19 миллиард теңгеден асып, 143 мың тонна астық бастырылғаны, 15 мың тонна сүт, 3000 тонна ет, 56 миллион дана жұмысртқа өндірілгені саланың даму үстінде екендігін білдіреді.Нұр-Сұлтан қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуін қалыптастыру аясында 12 жоба жүзеге асырылуда. Мұнда жалпы құны 366 миллион теңгелік 699 бас ірі қарадан тұратын отбасылық-тауарлы ет фермаларының үлесі салмақты. Сондай-ақ, суландыру жүйесін енгізу есебінен жемшөп дақылдарының ауқымын 400 гектарға ұлғайту жоспарланып отыр.
Өңірде экономикаға инвестиция тарту көлемі 7,3 миллиард теңгеге жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өскені болашақтың берік негізі қаланып жатқанын аңғартады. Осыған орай құрылыс жұмыстарына 3,5 миллиард теңге қаржы тартылып, 8000 шаршы метр жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.
Аудан әкімі жергілікті билік органдарының маңызды міндеті тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету екендігіне екпін түсірді. Есепті кезеңде Азат ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету жобасы жалғасуда. Бұл үшін 2020 жылы 346 миллион теңге қаржы игеріледі. Ақкөл қаласындағы шағын ауданда 6 шақырымдық электрмен жабдықтау және 3,5 километрлік су өткізу желісінің құрылысы аяқталыпты. Бұл жұмыс «Степной-4» шағын ауданында да қолға алынып, 229 миллион теңге бөлініп отыр. Мұндай мысалдар баяндамада бірнеше рет қайталанды.
Әлеуметтік қызметтерді дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары белсенді сипатта. Нәтижелі жұмыспен қамтудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында былтыр 75 миллион теңгеден астам бюджет қаржысы игерілуі игі істердің көрінісі деп түсіну қажет. Мәселен, бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 125 адам, «Бастау Бизнес» жобасымен 124, «Жас кәсіпкер» бағдарламасымен 30 адам арнайы курстарда білім алды. Ауданда 295 отбасына 130 миллион теңгенің әлеуметтік көмегі тағайындалды.
Брифинг соңында аудан әкімі журналистер сұрақтарына орай 2020 жылға және болашаққа арналған жоспарлар туралы кеңінен таратып ақпарат берді.
Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар