Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлы ақын ғұламалылығы – ойшылдығында - АРҚА АЖАРЫ

Ұлы ақын ғұламалылығы – ойшылдығында

Абай Құнанбайұлы қазақтың ұлы ақыны және ғұлама ойшылы ретінде тек қазақ еліне ғана емес, әлемдегі қазақ мәдениетіне қызығушылығы барларға танымал тұлға. ХІХ ғасырда өмір сүріп, келешек ұрпаққа осыншама көрегенділікпен өсиет қалдырғаны таңғалдырмай қоймайды.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласында дана тұлғамыздың қазіргі таңдағы Қазақстанның даму жолына тигізген орасан зор септігі туралы айтылады. Мақаланы ден қойып оқыған жанға ұлттық кодтың сақталуы туралы өте маңызды мәселелер қозғалған. Әр қазақтың бойындағы патриотизм, ұлтжандылық және өз тілін қадірлеудің аса маңыздылығы баяндалады.
Президентіміз осы мақалада бүгінгі күні туындаған қоғамдағы мәселелерді Абай атамыздың өлеңдерімен сабақтастырып, айқын жолдардың барын көрсетеді.
Әр халықтың пір тұтатын үш құндылығы: тіл, салт-дәстүр және мәдениеті. Осыған орай, «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласынан түсінгенім, әдеби мәдениетімізді сақтап қана қоймай, қолдана білу керек.
Ұлтымыздың Абай атамыз армандаған биіктерден көрінуі өз қолымызда және бұл ретте Президентіміздің үмітін ақтаймыз деген сенімдемін.

Жайнагүл ҚАППАСОВА,
«Ақмола Жаңа толқын» қоғамдық қорының төрайымы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар