Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Абай мұрасы – жастардың өмірлік бағдары - АРҚА АЖАРЫ

Абай мұрасы – жастардың өмірлік бағдары

Биыл барша ел болып, қазақ ұлтының біртуар перзенті, данышпан ағартушы, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан дара тұлға Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өткелі отырғанымыз белгілі.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуын атап өту жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Егемен Қазақстан» газетінде «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарыққа шықты. Аталмыш мақалада қазақ қоғамының рухани өмірінде, ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше тұлғаның өмірі мен шығармашылығының мәні кеңінен сөз етіледі. Президентіміз өз мақаласында Абай мұраларының қазіргі қоғамға қаншалықты қажет екендігін айтады. Абай өмір сүрген заман мен қазіргі уақыттағы адамдардың сана-сезімі, ой-өрісі, өркениеттік даму деңгейі әр түрлі болғанымен, ұлы ойшылдың өз туындылары арқылы болашақ ұрпаққа жеткізбек болған ойлары бүгінгі күні де өз құнын еш жоғалтқан емес. Керісінше, қазақтың дара ақыны Мағжан Жұмабаев өзінің «Атақты ақын, сөзі алтын хәкім Абайға» атты өлеңінде:
Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме,
«Қор болды қайран сөзім босқа!» – деме.
Артында қазақтың жас балалары,
Сөзіңді көсем қылып, жүрер жөнге!
Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар, – деп айтқандай, дана Абайдың өмірі, мұрасы уақыт өткен сайын қазақ қоғамында ғана емес, күллі әлемде өз орнын тауып, мойындалып келе жатқандығы белгілі. Өзінің философиялық ой-өрімдерге толы өлеңдерінде Абай Құнанбайұлы адамның жеке бас мәселелерінен бастап, күрделі әлеуметтік сұрақтарды, адам мен адамның, түрлі жас өкілдерінің, қоғамның түрлі санаттарының бір-бірімен қарым-қатынасын қозғайды. Ал, оның қара сөздері адам өміріне, ой-санасына, дүниеге, жаратылысқа терең бойлай отырып жазылған, адамгершілік құндылықтарды насихаттайтын, мән-мағынасы терең туын-
ды. Президентіміз өз мақаласы арқылы біздер, жастар қауымын елдің қамын ойлаған ойшыл атамыздың мұрасын терең зерделеуге, оның шығармаларының мәніне барынша үңілуге, оқып, жаттап қана қоймай, бойымызға сіңіруге шақырады. Осы ретте, барша қазақстандықтарды, оның ішінде жас-
тарды биыл атап өтілетін Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде өткізуге барынша үлес қосуға шақырамын.

Анжелика СОКОЛОВА,
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар