Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басты меже – 500 пәтер - АРҚА АЖАРЫ

Басты меже – 500 пәтер

Биылғы жылы Көкшетау қаласында «Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде 500-ге жуық отбасының пәтер мәселесін шешу жоспарда бар. Осы мақсатта республикалық бюджеттен қаржы бөлініп отыр. Бұдан бөлек, баспанаға мұқтаж отбасыларға жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй сатып алуға көмек көрсетілетін болады.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысушының бірі – Көкшетау қаласының тұрғыны Ержан Молғаждаров балаларымен бірге көп жыл бойы пәтерді жалға алып келіпті.
– «Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде жаңадан салынып жатқан тұрғын үйден пәтер алу мүмкіндігі туып отыр. Өткен жылы аталмыш бағдарламаға қатысуға өтініш бердім. Қазіргі кезде несие рәсімдеуге тиісті құжаттарымды жинап жатырмын, – дейді Ержан Молғаждаров.
Осы күні Көкшетау қаласында 172 отбасы аталмыш бағдарлама бойынша пәтерлі болды. Қазіргі уақытта өткен жылы пәтерге өтініш берген үміткерлердің төлем қабілеттілігі тексеріліп жатыр. Бағдарламаның екінші кезеңін жүзеге асыру ақпан айына жоспарланып отыр. Бағдарламаға көп балалы отбасы, толық емес және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелейтін отбасылар қатыса алады.
«Қазақстанның тұрғын ұй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалы өкілдерінің айтуынша, қарыз 2 пайызбен беріледі, яғни, 10 миллион теңге қарыз алған кезде ай сайынғы төлемі 20 жылға шаққанда 50 мың теңгені құрайды. Ал, артық төлеу 2 миллион теңге шамасында. Ағымдағы жылы бағдарламаны жүзеге асыруға республика бойынша 100 миллиард теңге қаражат бөлінбекші. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған санаты үшін пәтерлерді сатып алуда көмекті жергілікті билік те көрсетіп отыр. Барлығы осы жылы әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар есебінен 700-ге жуық кезекті адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы Мемлекет басшысының табысы аз мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасылар, көп балалы және толық емес отбасылар үшін тұрғын үйді сатып алу қолжетімділігін арттыру бойынша тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асырылмақшы.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар