Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кемел еді Кенжекең... - АРҚА АЖАРЫ

Кемел еді Кенжекең…

(қаламгер аға туралы толғаныс)

Кенжебек Балжанов ағамызбен 1970 жылдың тамызында кездес-кем. Қорғалжын аудандық «Шамшырақ нұры» газеті ол жылдары ауданның әр шаңырағына дерлік тарайтын. Өз ауданыңның, өз ауылыңның тіршілік-тынысы сезіліп тұратын газет  өзге басылымдардан, әрине, жақындау болатын.

Аудан шаруашылықтары ол жылдарда жайқалған егін мен найқалған малды көптеп өсіретін. Еңбек жарықтық қай елді мекенге барсаң да, қызып жататын. Сондықтан да, жұмыссыз қол қусырып жүрген жандарды кезіктіре алмайтынсың. Еңбектің құдіреті мен құрметі ерекше-тін. Бүгінгі күні
Елбасы Н.Назарбаевтың еңбек қоғамын құруды мақсат етіп қоюында мемлекетімізді одан әрі марқайтуға деген ұлы мақсаткерлігі жатыр. Адамды өрге сүйрейтін де, өмірін гүлдендіретін де – адал еңбек. Кенжебек ағамыз да мейілінше еңбекқор жан екен. Аудандық газеттің Жақсылық Әбдин, Аманжол Алшынбаев, Ахат Бесімбаев секілді журналистерінің сол жылдарда   редакцияның жұмысына аса алаң болмайтыны да, Кенжебек ағамыздың осы шаруақорлығынан, жазғыштық қабілетінен еді. Кенжекең мені мектеп қабырғасынан жаңа ғана түлеп ұшты деп, баласынған жоқ, бауырына тартып, жазу ісі мен редакция жұмысының қыр-сырларына үйрете бастады.
Ағамыз аса сабырлы, тиянақтылықты
ту еткен жан болды. Аудандық газеттің өз авторлары бар, әрине. Көбі ел ішінен, жазу ісінің машығына онша төселе қоймаған жандар болатын. Кенжекең соларды түзеп, басуға ыңғайлап, әр мақалаға ой салып, дайындап беретін. Тиянақты ағамыздың қолынан шыққан шағын мақалалар алтын асықтай болушы еді. Ой жинақылығы, сөз саптау әсемдігі көзге жылы ұшырап, көңілдерді баурайтын. Аудандық газеттер ол жылдары қазақ журналистикасының алғашқы мектептері болды. Талай қаламы ұшқыр жастар сол жерлерде қанаттанатын. Қазір мектептердегі жазу ісін армандаған оқушыларға жаным ашиды. Аудандық газеттер көп жерлерде жоқ. Мемлекеттің, ұлттың  идеологиясының алтын тағаны, елге жақын солар ғой. Сондықтан, қазақ жеріндегі әр аудандық әкімдік шаруасының бір ұстыны ретінде аудандық газеттерді ашулары керек. Елдік тәрбиенің алтын бесігі  де солар екенін жадында ұстау парыз. Аудандық газеттер облыстық газеттердің жергілікті жерлердегі елгезек інілері бола алар еді, бұл бір ой.
Кенжекең ағамыз сол жылдары Қорғалжын аудандық газетін замана тынысына сай шығарысып тұрды. Қазір Қорғалжында редакцияның ғимараты бос тұр. Газеттің анда-санда шығып тұратынын естиміз. Бірақ, қолдауы кемшін, редакциясы жоқ.
Кенжекеңнің өмір ғибраты жастарға тиянақтылығымен, еңбекқорлығымен үлгі. Мына жарық жалғаннан кеткеніне 20 жыл толуын артында қалған ұрпақтары еске салып отырғаны қандай  ғибрат. Ұрпағыңның асыл парызы жүректерінде сақталған екен, Кенжеке. Дүниеден кім өтпейді. Өлмек үшін туғанбыз бәріміз де. Кенжекеңнің бәйбішесі Гүлайша жеңгемізді, артында қалған ақылды қызы Арнагүлді көріп тұрамын. Гүлайша жеңгеміздің 22 немересі, 12 шөбересі, 1 шөпшегі бар екен. Айналайын, Арнагүл қарындасымыз  әкесін еске алып, жүгіріп жүр. Соған қарап тұрып, өзім ұялдым. Өз  әкемді қанша жыл өтсе де, қаперден шығарыппын-ау. Балжановтар ұрпағының қазіргі жасап отырғандары көпке өнеге.
Орыс деген халықта «родительский день» деген бар. Бізде жоқ! Неге. Не деген ұлтпыз осы. Ойласаңыз, қабырғаңыз қайысады. Осыған да өреміз жетпегені ме! Ата-аналар күні деп бір күнді белгілесек, кәні. Неге зиялыларымыз бен дін басылар осы мәселені көтермейді.
Әлқисса, қорғалжындық журналист Кенжебек Балжанов ағамыз өз заманының қаламы жүйрік жампозы болды. Жазғандары сақталса, ұрпақтары суреттерін басып, жеке кітап етіп шығарса жақсы болар еді. Кенжебек ағамыздың өмірден өткеніне де міне, 20 жыл. Ел өзгерді, тәуелсіз мемлекет болдық. Өз қолымыз өз аузымызға жеткенде, ата-аналарымызға құрмет көрсеткен жөн. Еске алу, жадыға оралту күндерін белгілеу керек. Жылына бір мәрте бас-тарына барып, Құран оқытып тұрсақ, жанымыз нұрланар еді. Кенжекеңнің жатқан жері жарық, қабірі нұрға толы болғай!

 Смағұл РАХЫМБЕК,
жазушы, Президент телерадио-
кешенінің бас редакторы,
Кенжебек ағаның  шәкірті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар