Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа автокөлік жолы туризмнің дамуына да пайдасын тигізеді - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа автокөлік жолы туризмнің дамуына да пайдасын тигізеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Зеренді ауданының әкімі Бауыржан Ғайса 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттер жөнінде баяндап берді.

– Аудан экономикасының дамуы және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін бірқатар шаралар жүзеге асырылды. 2019 жылы Зеренді ауданындағы кәсіпорындар 300 миллиард теңгеден астам табыс тапты. Өнеркәсіптегі негізгі үлес «Altyntau Kokshetau» мен «Айдабол спиртзауыты» акционерлік қоғамы, «Milk Projekt» серіктестігі, «Алексеевка доломит кеніші» акционерлік қоғамы мен «Неруд Көкшетау» серіктестікке тиесілі. «Индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында 2019 жылы «Блиц Терминал» серіктестігі 1 миллиард теңгеге бағаланған құс фабрикасын іске қосты. 178 тонна бройлер еті өндірілді. Мәлік Ғабдуллин ауылдық округінде орналасқан «Щучинский гормолзавод» серіктестігі 10 мың бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын салды,–деген аудан әкімі өткен жылы 44,8 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілгенін айтты. Өңір диқандары 283 мың тонна астық жинады. 1850 бас бұқа мал бордақылау алаңдарына жеткізіліп, 7 мың бас ірі қара асылдандырылды. 300 қой өсіретін шаруашылық, ет бағытындағы 10 ірі қара мал фермасы құрылды. Бұған тағы үш ферма қосылмақшы. Жалпы, ауданда мал басының өскені байқалады.
– Өткен жылы 139 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. 457,7 мың гектар жер цифрландырылды. Симферополь ауылында 400 бас ірі қараға арналған «Мilk Projekt» серіктестігінің тауарлы сүт фермасының құрылысы аяқталды. Биыл тағы да екі тауарлы сүт фермасы іске қосылады. Ортақ ауылдық округінде ұңғыма қазылды. 4 аукцион өткізіліп, 128 миллион теңгенің 79 жер учаскесі сатылды. Жергілікті бюджетке 95,4 миллион теңге түсті.
– Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 1734-ке жетті. Бұл салада 4,9 мың адам жұмыс істейді. Есепті кезеңде шағын және орта бизнес субъектілері 1,75 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Бөлшек саудадағы тауар айналымының көлемі 4,9 миллион теңгеге жуықтады. 49 жәрмеңке өткізіліп, 70 миллион теңгенің өнімі сатылды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға Зеренді селосында «Қайырымдылық сөрелері» орнатылды. Әрбір ниет білдіруші белгілі бір азық-түлік тауарларын сатып алып, оны мұқтаж адамдардың сөрелеріне қалдыра алады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында тұрақты негізде кәсіпкерлермен кездесулер өткізіледі. Өткен жылы аудан бойынша салықтардың жалпы түсімі 54,7 миллиард теңге болды. Аудан шаруашылықтарына 26,7 миллиард теңге инвестиция тартылды. 8 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында Ақкөл және Садовое селоларында салынатын тұрғын үйлердің коммуникациясы тартылуда. Аудан орталығында 21 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, селоішілік жолдар жөнделді. Өңірде 40-тан астам туризм объектілері жұмыс істейді. Өткен жылы «Щучинск-Зеренді» жаңа автокөлік жолы пайдалануға берілді. Ол туризмнің дамуын да жақсартады, –деген аудан әкімі білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының жетістіктерін айтып, журналистер сауалына жауап берді.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар