Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өмірімнің бар мәніне айналды - АРҚА АЖАРЫ

Өмірімнің бар мәніне айналды

Жастайымнан әдебиетке құмар болдым. Оқушы кезімде республикалық  «Қазақстан пионері» газетін  асыға күтетінмін, қолға тиісімен бір әрпін де жіберместен бастан-аяқ оқып шығатынмын. Сол кездегі балалар жазушылары Ақұштап Бақтыгереева, Рза Қунақова, Сансызбай Сарғасқаевтардың  әңгімелері мен өлеңдерін іздеп жүріп, қызыға оқитынмын.

Есейе бастаған шағымда повесть, романдардың ішіндегі әлемге еніп кететінім соншалықты, бар дүниені ұмытып таң атқанша кітаптан бас алмайтынмын. Дастархан басында тамақ ішіп отырғанда да қолымнан кітап, газет түспейтін әдетім болды.  Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен есімі аудан, облысқа танымал мұғалім Жәмеш Нұралин сабақ берді. Аудандық, облыстық газеттерге мақала жазатын қаламының желі бар адам еді. Өзі өлең де жазатын. Домбыра, аккордеон, прима аспаптарында ойнап, ән салатын.
Қазақ әдебиеті пәнінен Біржан сал мен Сараның айтысын өткенде айтысқа аңсарым ауып, «шіркін-ай, Жәмеш мұғалім домбырамен айтысқа үйретсе ғой» деп армандап, айтуға талай оқталсам да сол кездегі «үлкен тұрғанда кіші сөйлемес болар» деген қағидадан шыға алмағаным бар. Менің әдебиетке деген құлшынысымның артуына Жәмеш мұғалім көп әсер етті, өйткені мен осы сырбаз мұғалімге еліктеп өстім. Кейін өзім оқыған ауылдағы мектепке мұғалім болып келгенде баласындай көріп қамқор бола жүріп, ақыл-кеңесін айтудан бір танған емес. Өлең шығаруға деген талпынысым алғаш рет 6 сыныпта оқып жүргенде байқалды ғой деймін. Біздің сынып мектепте кезекшілік атқарғанда өзімізден жоғары сыныпта оқитын ұл балалардың тәртіпсіздік жасап, төбелескенін қабырға газетіне суреттерімен карикатура ретінде шығардық.
Ал, Щучинскіде техникумда оқып жүргенімде бір жігіттің облыстық газетке жіберем деп жазған мақаласын оқыдым. Мақала қара сөздермен қарабайыр ғана жазылған екен, көңілім толмай қалды. Ешқандай көркемсөз, теңеу, жүйелілік деген жоқ. Сонда алғаш рет «қолға алсам мен де мақала жаза алады екенмін» деген ой қылаң беріп қалды, бірақ аса мән берген жоқпын. Әскерде жүргенде анама, елге, жолдастарыма арнап өлеңдер жазып жүрдім, кейін студент болған кездерімде қыздарға деген сезімімді өлеңмен жолдайтынмын.
Газетке ең алғаш рет жазған мақалам әлі күнге дейін есімде. 1991 жылы Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінде мұғалім болып қызмет істеп жүрген кезімде тәрбие ісінің меңгерушісімен бірлесіп, поэзияға ыңғайы бар деген оқушылармен алғаш рет айтыс өткіздік. Айтыс өткізіліп болғаннан кейін мұғалімдердің бірі «осыны газетке жазса ғой» деп қалды. Неге екенін білмеймін, әлде аузыма Алла тағала сөз салды ма екен, аяқ астынан «мен жазамын» деп қалай айтып қалғанымды өзім де байқамай қалдым. Сөйтіп «Жас ақындар» деген алғашқы тырнақалды мақалам аудандық газетте жарық көрді. Содан бастап елдегі болып жатқан жаңалықтарды, әсіресе ауылдың, туып өскен өлкемнің тарихын өзімше зерттеп жазуға ден қойдым, ел аузында жүретін әзіл-қалжыңдарды да түртіп алып газеттерге жіберіп жүрдім. Сөйтіп, жазбасам тұра алмайтын дертке шалдықтым. Сол жылдары Еңбекшілдер аудандық «Жаңа дәуір» газетінде  «Әдебиет жайлы – әрлі сұхбат» деген тақырыппен жерлесіміз драматург, жазушы Баянғали Әлімжановтың мақаласы шықты, онда аудан көлеміндегі  әдебиетке жақын өнерлі адамдар туралы ой толғай келе «журналистика саласында өзін байқап жүрген, жауынгер-сазгер Рамазан Елебаевтың, туған жер тарихын зерттеуге ынта білдірген педагог Амантай Бейсекеевтің шығуы қуантады» дей келе ағалық жолымен шығармашылық табыс тілегені шабытыма шабыт қосып, қанат бітіргендей болды. «Жазушы болу – жан азабы» деген сөз бар, түсіне білген адамға «қиыннан қиыстырып» бір шағын мақала жазу үшін он ойланып, жүз толғанып, көз майын тауысып, бір сызып, бір түзеп толғанысқа түсетін журналистердің еңбегін қалай бағаласа да артық болмас еді.
Амантай БЕЙСЕКЕЕВ,
штаттан тыс тілшіміз.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар