Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Русская песня» ансамбліне – 25 жыл - АРҚА АЖАРЫ

«Русская песня» ансамбліне – 25 жыл

Облыс орталығындағы «Достар» мәдениет сарайында «Русская песня» ансамблінің құрылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара өтті.

Зоя Авилованың жетекшілігіндегі бұл ансамбль ақмолалықтарды ширек ғасыр өз өнерімен қуантып келеді. Бүгінде ансамбль құрамында 18 орындаушы бар. Осынау уақыт ішінде шығармашылық ұжым өзінің жеке репертуарын қалыптастырып үлгерді. Ансамбль қазақ, сонымен қатар орыс, украин, казак халықтық әндерін шырқайды. Міне, солардың ішінде ең таңдаулы дегендері жуырда өткен мерейтойлық концертте ән болып қалықтады.
Шараға арнайы қатысқан Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мәрзият Тохаева, Көкшетау қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова, «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Артеменко, «Ақмола облысының татар-башқұрт бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рафаиль Сұлқарнаев және басқа да меймандар ширек ғасыр толған ұжымға зор шығармашылық табыстар тілеп, ақ тілектерін арнады.
Залда отырған көрермен «Русская песня» ансамблінің орындауындағы әндерді зор ықыласпен тыңдап, әншілерден қошеметтерін аямады. «Қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің көркемөнерпаздары және «Ақбұлақ», «Ғалиябану» шығармашылық ұжымдары мерейтойлық концерттің жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.
Ұжымның жиырма бес жылдығы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығымен тұспа-тұс келуі есте қаларлық оқиға. Ансамбль жетекшісі, облыстық ассамблея мүшесі Зоя Авилованың айтуынша, «Русская песня» өз шығармашылығымен өңірде бірлік пен келісімнің нығаюына қашанда үлес қоса беретін болады.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар