Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмысы бірден күш алды - АРҚА АЖАРЫ

Жұмысы бірден күш алды

Ауданда Индустрияландыру картасы шеңберінде іске қосылған «Үш бұлақ-2005» серіктестігінің құс фабрикасы қазіргі заманғы талаптарға сай жаңа технологиялардың арқасында өндірісті арттырып, өнім көлемін ұлғайтып отыр.

Бұл кәсіпорынды Астана қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша облыс аумағында қолға алынған маңызды инвестициялық жобалардың бірі деуге әбден болады. Сол себепті де қомақты қаржы құйылды. Жобаны жүзеге асыру үшін 2,3 миллиард теңге шамасында қаржы жұмсалса, оның барлығын дерлік серіктестік өз қалтасынан салды. Жалпы, кәсіпорынның жобалық қуаты 450 мың тауыққа арналған. Сондай-ақ, тәулігіне 300 мың жұмыртқа өндіруге мүмкіндік береді. Өндіріс қарқыны күннен-күнге артып келеді.
– Қазірдің өзінде тәулігіне 130 мың данадан астам жұмыртқа өндіріліп, Астана қаласы мен еліміздің өзге өңірлеріндегі және аудандардағы сауда орындарына жөнелтілуде. Осының арқасында еңбек өнімділігі де арта түсті. Келешекте кәсіпорын толық қуатына жеткенде жылына 90 миллион дана жұмыртқа өндіруге, әрі 200 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін болады, – дейді құс фабрикасының атқарушы директоры Диас Испанов.
Жалпы, ауданда бұдан басқа да жобалар жетерлік. Мәселен, осы күнге дейін Индустрияландыру картасының бірінші бесжылдығында 8 миллиард 55 миллион теңгенің бес жобасы енгізіліп, оның 4 жобасы жүзеге асырылған. Олардың арасында жоғарыда атап өткеніміздей, жұмыртқа өндіретін «Үш бұлақ-2005» серіктестігінің құс фабрикасымен бірге «Ecomilk» серіктестігінің сүт зауыты да бар.
Сондай-ақ, тағы бір маңызды жоба «EcoProduct» серіктестігіне тиесілі жылыжай кешенінің құрылысы Индус-трияландыру картасына енгізіліп отыр. Онда жылына 2200 тонна көлемінде қызанақ пен қияр өсіру көзделген.
Ал, «ҚазОрман» компаниясы» серіктестігі болса, жаңа технологиялық қондырғыларды қолданудың арқасында ағымдағы жылдың алғашқы 2 айының өзінде 26 миллион теңгенің 341 текше метр ағаш өнімдерін шығарған.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар