Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ынтымаққа бет бұрса, қуанамыз - АРҚА АЖАРЫ

Ынтымаққа бет бұрса, қуанамыз

Отбасы шағын мемлекет десек, оның  татулығына да қылау түсетін кездері бар. «Шыны аяқ сылдырламай тұрмайды» деген сөздің өзі тегін айтылмаса керек. Біреу өмірдің қым-қуыт қиындығына кезігіп сергелдеңге түссе, енді біреу отбасындағы реніштің  еркіне беріліп, сүйіп қосылған сыңарына тас ала жүгіреді.

Жақында қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында  ерлі-зайыпты А. деген азаматшаның арызы бойынша  іс қаралды. Ол күйеуінің мас болып келіп, отбасының шырқын бұзып, балағаттап, мазасын алғанын  алға тартады.
Сотта жауапкер тұлға бар кінәсін толық мойындап, бұдан бұлай бұзақылық жасамаймын деп ант-су ішті. Ал, жәбір көруші де күйеуіне кешіріммен қарайтынын айтып, әкімшілік істі қысқартуды сұрады.
Осылайша Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстің 73 бабы
1 бөлімімен қарастырылған  іске аталған кодекстің 64 бабы қолданылып, екі жақтың татуласуына орай жауапкерді жауапкершіліктен босатуға шешім шығарылды. Сондай-ақ, әкімшілік іс өндірісінен қысқартылсын деген қаулы қабылданды.
Қ.Сүлеев,
Көкшетау қалалық мамандандырылған
әкімшілік сотының аға сот приставы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар