Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Салық түсімі көбейіп, жаңа жобалар қолға алынуда - АРҚА АЖАРЫ

Салық түсімі көбейіп, жаңа жобалар қолға алынуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қорғалжын ауданының әкімі Берік Жанбаев аудан еңбеккерлерінің өткен жылғы қол жеткізген табыстары мен алға қойған міндеттері жөнінде айтып берді.

Өңірде ауқымды жұмыстар атқарылып, нәтижесінде макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуі байқалды. Атап айтқанда, аудандық бюджетке 260 410,7 мың теңге кіріс түсіп, жоспар 100,1 пайызға орындалды. Бюджет 99,4 пайызға игерілді. Аудан басшысы өз есебінде 2019 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 9 797,2 миллион теңгені құрағанын айтты.
– Өткен жылы қамбаға 82 мың 153 тонна астық құйылды. Гектар берекесі 7,4 центнерден айналды. 60,5 мың тонна шөп маяларға салынды. Өңірдің диқандары 614,3 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында мал өнімдерінің көрсеткіші артып, сапасы жақсарды. Соңғы жылдары мал басы әжептәуір өсті. Бүгінгі күні ауданда 22035 бас ірі қара, 32472 қой мен ешкі, 12377 бас жылқы бағылады. Өткен жылы 4139,7 тонна ет, 9 204,4 тонна сүт өндірілді. Малды асылдандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Оған «Тойшыбек», «Төлепбекова», «Шалов», «Жер ана» тәрізді жеке кәсіпкерлер мен 47 ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін құрылымдары белсене қатысуда. Аудан бойынша табынға 110 бас асыл тұқымды бұқа қосылды. 80 тонна ет экспортталды,– деген аудан басшысы өткен жылы мақсатты пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылық жерлері бар 22 субъект анықталғанын айтты. Қазір олармен жұмыс жүргізілуде. Қорғалжын ауданы аумағынан 309 шақырым жол өтеді. Оның 99 шақырымы республикалық, 85 шақырымы облыстық, 125 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар. Аудандық маңызы бар және ауылішілік жолдар жөнделді.
–Ауданда 569 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеп, бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 304,3 миллион теңгені құрады. «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму» бағдарламасының алғашқы бес жылдығы аясында өңірлік Индустрия-
ландыру картасына аудан бойынша «Астана Агропродукт», «Agro Export LTD» cеріктестігінің жобалары енгізілді. Аталмыш бағдарламаға «Green Products» серіктестігінің алкогольсіз сусындар өндіру зауытын салу инвестициялық жобасын енгізу жоспарлануда. Қазір «МЕТ 777» серіктестігінің 4 жылыжайы жұмыс істейді. Жеке кәсіпкер Түспекова орнотология орталығын жабдықтауда. Алғабас ауылында «TAGA Group» серіктестігінің жабық бассейнінде балық өсіру зауыты салынады. «Сапа Грейн» серіктестігі қой санын 400-ге жеткізуді жоспарлап отыр, –деген аудан әкімі Берік Жанбаев әлеуметтік салалардың жетістігі жөнінде айтып берді. Брифинг барысында журналистер өз сауалдарына нақты жауап алды.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар