Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ел жастары» Абай өлеңдерінен қойылым ұсынды - АРҚА АЖАРЫ

«Ел жастары» Абай өлеңдерінен қойылым ұсынды

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Ел жастары» театрының премьерасы өтті. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Жастықтың оты қайдасың» атты қойылым перформанс жанрында көпшілік назарына ұсынылды.

«Ел жастары» театрының көркемдік жетекшісі, режиссер Фархатбек Қанафиннің айтуынша, қаламызда мұндай жанрдағы қойылым алғаш рет көрсетіліп отыр.
–Бұл негізі Еуропада пайда болған жанр. Перформ жанры театр мен сурет өнері, би қимылдарын біріктіреді. Бұл жерде актер әр түрлі қозғалыстар жасайды. Қимыл әрекет арқылы қоғамдағы түйткілді мәселелерді көрсетеді. Қойылым Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінен құралған және Абай туралы пьесаның кішкентай үзіндісі де бар. Жалпы, Абай бейнесін, ой толғамдарын перформанс бағытында, жастардың тілінде оларға түсінікті қылып жеткізуге тырыстық. Бізге қойылымды дайындауға мүмкіндік берген осы колледждің басшысы Құралай Ыдырысоваға үлкен алғыс білдіреміз, – дейді ол.
Қойылымды кәсіби актерлер емес Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің үшінші, төртінші курс студенттері ойнап, Абай атамыздың өлеңдерін жаңа бағытта әсерлі жеткізе білді.
Қойылым ақпан айының 10-ы, 11-і, 12-сі күндері аталмыш колледждің мәжіліс залында сағат 18.30 қойылады.
Қойылымға қатысқан Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің үшінші курс студенті Алтынай Темірбаева Абай поэ-
зиясын оқу арқылы өз бойындағы жаман қасиеттерден арылуға тырысып жүргендігін айтады.
–Біз Абай атамыздың бейнесін сомдадық. Ол сөзбен айтып жеткізе алмайтын сондай қуанышты сәт. Абай өлеңдерін түсіну өте қиын, әсіресе, жастарға. Оқыған өлеңдердің арасында терең түсінікті қажет ететін тұстары болды. Оны бізге жетекшіміз Фархатбек Қанафин мағынасын ашып, ұғындырып берді. Абайдың поэзиясын оқу арқылы өзіміздің ішкі жан дүниемізге үңілдік. Жалпы, Абай әлемін танып, Абайдың ұлылық қырларын тани түскендей болдық, – дейді Алтынай.
Премьераның соңында облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова өңір басшысының атынан құттықтау сөз сөйлеп, театр ұжымына ықылас гүлін сыйлады.
Қоғам қайраткері, жазушы драматург Жабал Ерғалиев «Ел жас-
тары» театрының Абай шығармашылығына оралып, ортамызға әкелуі маңызды қадам болғанын атап өтті.
– Ең бірінші жастарымыздың Абайдың жүрегіне бойлағысы келген әрекеттерімен, өздерінің қимылдарымен, билерімен, өнерімен, күлкісімен, қас-қабақ мимикасымен Абайды түсінуге ұмтылған жүректерінің көзі ашыла түскендігіне көзім жеткендей болды. Адам баласында ең бірінші Абай айтқандай жүректің көзі ашылуы керек. Жүректің көзі ашылу деген, ол жаңағы ақыл мен сананың оянуы. Парасаттың оянуы адамның білмекке деген құштарлығы, – деді драматург-жазушы.
Сонымен қатар, Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжінің директоры Нұртас Ахатұлы театр ұжымын құттықтап сыйлықтарын табыс етті.
Айтолқын АМАНГЕЛДІ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар