Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астана орманын мақтаныш етуге болады - АРҚА АЖАРЫ

Астана орманын мақтаныш етуге болады

 Бұрала өскен қарағай мен қайыңы аралас сыңсыған ну орман жаздың аптап ыстығында сая, ал, таза да жұпар ауасы жанға дәру болады. Әу бастан ағаштың пайдасын білген дана халқымыз «Бір жылыңды ойласаң, егін ек. Он жылыңды ойласаң, ағаш ек. Жүз жылыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле, білімге көңіл бөл» деп мәні терең өсиет қалдырған екен.

  Жайқалған жасыл желектің бауырында отырып, тыныстап, көкірегіңді кере дем алғанға не жетсін десеңізші. Одан жүгірген аңның тұяғы, ұшқан құстың қанаты талатын сайын далаға айтса тіл жетпейтін, көрсе көз тоймайтын жауһарды бере салғанын көріп тағы бір таңғаласың. Ара-тұра майда жел есіп, тынысыңды кеңейтеді.  Ал, мойындарын көкке созып, сымбаттана түскен тал шыбықтар желдің лебімен желпініп, көңіл тербетеді. Табиғаттың көк аспанмен қамшының өріміндей біте қайнасуы ойыңды шарықтатып, қиял жетегінде шетсіз-шексіз  кеңістікке қанат қақтыратыны-ай!  Әп-сәтте табиғат жасыл желекке оранып, оның алыстан менмұндалап тұратын қалың орманмен көмкерілетінін кім ойлаған. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаланың ішін ғана емес, маңын да көкке толтыруға баса мән бергендігі.
Осы орайда, адам мен табиғат егіз ұғым екені тағы бір дәлелденіп отыр. Табиғат тіршілік көзі болса, адам оның бағбаны іспеттес. Ежелден ата-бабамыз жасыл желектің шипасын түйсініп,  тал бесіктен жер бесікке дейін ағаш отырғызу кез келген адамның парызы деп санаған. Бүгінгі ұрпақ та сол парызын абыроймен атқарып келеді. Астана қаласы айналасында Көкшетаудың інжуі –Бурабайға дейін жалғасқан тал-қайыңдар көз тоят таппас табиғатты  еселей толықтыра түсуде.
Бас қаланың жасыл аймағын қалыптастыру Елбасының тапсырмасы бойынша 2009 жылдан басталған. Сол уақыттан бері елорданың жасыл белдеуін, ондағы жасыл желектерді күтімге алу, орманды алқапты өрттен қорғау сынды жұмыстар қолға алынды. Осылайша, Шортанды, Бурабай, Бұланды және Ақкөл аудандарының өңірі жасыл жамылғыға оранып, түрлі-түсті гүл дестелердің құшағына енді. Игі бастаманы жауапкершілігі шектеулі «Аксамит» серіктестігі жүзеге асырды. Қандай ағаш түрлерін отырғызу қажет, жобасы қандай болу керек  деген сауалдар төңірегінде жоспар құрып,  қағазда сайрап тұрған жобаны іс жүзінде жақсы көрсете білді. Мұнда қарағай, сүйелді қайың, ұсақ жапырақты және жалпақ жапырақты шегіршін, көде, боз жиде, сары қарақат, терек, ақ көріктал, бөріжидек сияқты ағаштарды жиі кездестіруге болады. Орман алқабы тек бұлармен ғана емес, сондай-ақ, қалыптасып жатқан фаунасымен де құнды. Экожүйені орнықтыру үшін қырғауыл, елік, қоян, түлкі сияқты аңдар жіберілді. Сөйтіп, орман флорасымен бірге, табиғат аң-құстардың түрлеріне де байи түсті.
«Астана-Щучинск» тас жолының бойында 4500-ге жуық қылқан жапырақты ағаштар сап түзеді. Сонымен бірге, бес жылға арналған тұжырымдама негізінде үздіксіз ағаш отырғызу жұмысы жоспарланған. Ал, оған қажетті жерді барлау шаралары қарастырылып отыр. Алдағы уақытта Шортанды-Щучинск бағытында орманның көлемін ұлғайту мәселесі толықтай шешілетін болады деп күтілуде. Қазіргі уақытта 1000 гектар жерге барлау жұмыстары жүргізіліп, 747 гектар жер көшет егуге жарамды болып танылды. Ақкөл, Кеңес, Отрадненский және Ұрымқай орман шаруашылықтарына  жол бойында белгіленген жер аумақтарына ағаш отырғызу жұмыстары қарқын алған.
Барлық көшеттер облыстық орман тәлімбақтарынан алынып отыр. Бүгінде облыс бойынша тоғыз тәлімбақ бар. Бесеуі тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Онда жыл сайын он миллионнан артық біржылдық және көпжылдық екпе көшеттер өсіріледі. Ал, үшжылдық екпе көшеттердің саны жетпіс мыңнан асып отыр. Сондай-ақ, көрші Ресей елінің Түмен қаласынан ағаш-бұта сұрыптарының көшеттерін әкелу жұмысы жақсы жолға қойылыпты. Қуантарлығы, өткен жылы «Ақкөл» орман шаруашылығының тәлімбағы қалпына келтіріліп, тамшылатып суару технологиясын қолданысқа енгізген.
Осылайша, жыл санап қаланың айналасы ажарына ажар қосып келеді. Әрине, Арқа өңірінің ауа райының құбылмалығын ескерсек, меңіреу даланы  нулы орманға айналдыру оңай емес. Тек білікті мамандар ғана, жылдар бойы жинақталған тәжірибесі негізінде жауапкершілігі мол жұмысты жүзеге асыра алатыны анық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  жыл сайын  орман алқабын тікұшақпен аралап, бір кездегі жалаңаш даланың бүгінгі кейпімен танысып отырады. Келер ұрпақтың игілігіне  жанға жайлы, ауасы таза, жұпар иісі аңқып тұратын жасыл желек қалдыру – үлкен тарту. Әр адам өз ұрпағының бойына қоршаған ортаға деген жақсы сананы қалыптастыра білуі қажет. Бір шыбықты күтіп-мәпелей алатын сәби ертеңгі күні өзгені құрметтей алатын, мейірімді азамат болып қалыптасары анық.

Батырбек НЕҒМЕТОВ,
облыстық табиғи ресурстар және табиғатты  пайдалануды реттеу басқармасы  басшысының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар